Covid-19 инфекциясының таралуы бойынша бір аптадан бері «қызыл аймақта» тұрған Ақтөбе облысында 19 қаңтарда – 459, 20 қаңтарда 586 науқас тіркелді. Осылайша екі тәуліктің ішінде күнделікті өсім 127 адамға жетті. Үй карантиніне 5 608 адам алынған.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанованың айтуынша, әзірге өңірде «Омикрон» штамын жұқтырғандар тіркелген жоқ. Ауруханаға науқастар негізінен «Дельта» штамының белгілерімен түсіп жатыр. Жұмадан бастап инфекция таралуының жылдамдығына байланысты театр, филармония, концерт залдары, түнгі клубтар, караоке, кинотеатрлар қызметіне тыйым салынды. Алайда Ashyq бағдарламасымен келушілерге түнгі сағат 12-ге дейін қаладағы қоғамдық тамақтандыру орындарының есігі ашық. Қазіргі уақытта Ashyq бағдарламасына қаладағы 4 443 мекеме қосылған.
Коронавирус індеті таралғалы бері өңірде 38 280 жағдай тіркелсе, оның ішінде ауру белгілерімен 28 858 адам, жұқпалы дерттің симптомсыз түрімен
9 422 жағдай тіркелген. 34 594 науқас жазылып шықты.
Ауыл мектептері мен оқушылар саны 600-ден аспайтын қала мектептері штаттық режімде жұмыс істей береді. Ал оқушылар саны 600-ден асатын білім беру ұйымдары онлайн оқуға көшсе, мектеп әкімшілігі шешімімен 1-2-сынып оқушыларының штаттық режімде оқуына және 3, 4, 5-сыныптарда кезекші сыныптар ашуға рұқсат етілді. Колледждер мен ЖОО студенттері аралас форматта оқиды. Вакциналаудың толық курсын алған студенттер мен оқушылар штаттық режімде оқуын жалғастырады.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аманжолованың айтуынша, осы оқу жылында 160 мектептен КВИ жұқтырған 1 135 оқушы тіркелді. Соның ішінде 295 оқушының каникул кезінде, ал 840 оқушының сабақ басталғалы жұқтырғаны белгілі болды. Қыркүйектен бері ЖОО студенттері арасында 44, орта оқу орындары студенттері арасында 99 жағдай тіркелді. Оқытушылар арасында 152 адам осы дертпен сырқаттанды.
Қазір өңірде 12-17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді Pfizer екпесімен егу жалғасып жатыр. 5 606 жасөспірім бірінші құраммен, 3 381 жасөспірім екінші құраммен егілді. 732 жүкті әйел де Pfizer екпесін алды.
Өңірдегі инфекциялық стационарда 2 729 кереует жасақталып, онда 247 науқас ем қабылдап жатыр. Ал сырқаты ауырлаған 17 адам жансақтау бөлімінде. Айта кету керек, қаңтардың ішінде КВИ жұқтырып, дерті асқынған 6 адам қайтыс болды. Соңғы мәлімет бойынша, инфекциялық кереуеттер жүктелімі – 49,8%, реанимациялық кереуеттер жүктелімі 22,6%-ды құрайды. Эпидемиялық жағдай өршуі мүмкін деген болжаммен артығымен
2 233 орын дайындалды. Ақтөбеде ПТР-тест тапсыратын
14 зертхана бар.
Былтыр ақпан айынан бастап облысқа жеткізілген екпелер саны – 1 млн 890 дананы құрады. Осы уақытқа дейін Ақтөбе облысында 382 980 тұрғын екпенің бірінші құрамымен, 358 591 адам екінші құрамымен егілді. Соңғы дерек бойынша, ревакциналаудан
43 421 адам өтті.
Ақтөбе облысы
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Ұқсас жаңалықтар