Кәсіпқой бокс • 25 Қаңтар, 2022

Жәнібек Әлімханұлы үздіктер қатарына енді

1643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі бокс сарапшысы Дэн Рафаэль 2021 жылдың қорытындысы бойынша болашағынан зор үміт күттіретін кәсіпқой боксшылардың рейтингін түзді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлы үздіктер қатарына енді

Ол жасаған рейтингке орта салмақ дәрежесінде топқа түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы да енген. Сарапшы атаған үздік он тоғыз боксшының ішінде Жәнібек Әлімханұлы алтыншы орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы әуесқой бокста жүрген кезінде Азия және әлем чемпионы атанған болатын. Ол соңғы екі жекпе-жегінде әлемнің бұрынғы чемпиондары Роб Брант пен Хассан Ндам Нжикамды мерзімінен бұрын жеңіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы атануға мүмкіндік алған.