Әлем • 25 Қаңтар, 2022

Оңтүстік Кореяда жағдай ушықты

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда коронавирус дертін жұқтыру рекордтық деңгейге жетті. Тәулік ішінде ауырғандардың саны 8 751-ді құрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Оңтүстік Кореяда жағдай ушықты

Елдегі ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі (KDCA) келтірген деректерге сенсек, сейсенбі күні вирус жұқтырғандар қоса есептегенде ауырғандардың қарасы 749 979-ға жеткен. Кореяда 2020 жылдың 20 қаңтарында вирус анықталғаннан бері бірінші рет бір тәулікте жұқтыру жағдайлары 8 000-нан асып отыр. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 6 588-ге жетті, дүйсенбі күні бұл көрсеткіш 23-ке кем болған.

Билік омикрон штамының қазіргі таралу қарқынын ескере отырып, келесі айда жұқтыру жағдайлары күніне 30 000-нан асуы мүмкін екенін ескертті.