Әлем • 25 Қаңтар, 2022

Рада депутаттары парламент ғимаратынан эвакуацияланды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина Жоғарғы Радасының депутаттары кәсіпкерлердің митингісіне байланысты парламент ғимаратынан эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ukraina.ru порталына сілтеме жасап.

Рада депутаттары парламент ғимаратынан эвакуацияланды

Іс-шараны «savefop» қозғалысы ұйымдастырды (FOP-жеке тұлға-кәсіпкер), олардың талабы міндетті кассалық аппараттарды енгізу және карантиндік шаралармен байланысты болды. Наразылық білдірушілер Раданың ғимаратын басып кіруге шешім қабылдады. Алайда оларды құқық қорғау органдарының қызметкерлері өткізбеді.

БАҚ-тың хабарлауынша, ғимарат ішіндегі барлық депутаттар жер асты жолы арқылы эвакуацияланған. Парламентте тек журналистер мен полиция қызметкерлері қалған.