Спорт • 26 Қаңтар, 2022

«Канелоға» үш қарсылас ұсынбақ

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

DAZN стриминг платформасының сарапшылары мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (57-1-2, 39 КО) 2022 жылғы болашақ қарсыластарын атады.

«Канелоға» үш қарсылас ұсынбақ

Егер «Канело» биыл да орта салмақта қалатын болса, онда DAZN оған үш қарсылас ұсынады. Олар: Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО), америкалық Дэвид Бенавидес және тағы бір АҚШ өкілі Деметриус Андраде (31-0, 19 КО). Алайда мексикалық «сары бала» биыл әдеттегідей орта салмақта емес, екінші орта салмақта өнер көрсетуді жоспарлап отырған сыңайлы.

Сондай-ақ «Канело» бұған дейін Голов­кинмен тек екінші орта салмақта ғана жұды­рықтасатынын мәлімдеген еді.