Медицина • 26 Қаңтар, 2022

Ғалымдар «омикронды» емдейтін 8 препаратты ұсынды

1297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зерттеуді Кент университеті мен Гете атындағы Франкфрут университеті ғалымдары жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымдар «омикронды» емдейтін 8 препаратты ұсынды

Клеткаларды зерттеу нәтижесі «омикронның» сегіз вирусқа қарсы препараттарға және коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмекке сезімтал екенін көрсетті.

Оларға EIDD-1931 (молнупиравирдің белсенді метаболиті), рибавирин, ремдесивир, фавиправир, PF-07321332 (нирматрелвир, паксловидтің белсенді ингредиенті), нафамостат, камостат және апротинин жатады.

Сондай-ақ ғалымдар «омикрон» жұқтырған науқастардың дерттің ауыр түрлерімен азырақ ауыратын себебін де атады. Бұл штамм дененің барлық жасушаларында болатын интерферон деп аталатын реакцияның басылуына ерекше сезімтал болатындығына байланысты.