Аталған уақыттан бастап лаңкестік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленді.
«Арнаулы және құқық қорғау органдары тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жалғастырады», деп жазылған хабарламада.
Террорлық қауіптің қазіргі деңгейінде құқық қорғау органдарына қару-жарақ пен жарылғыш заттарды табу мақсатында көлік құралдарын тінтуге рұқсат етілген.
«Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытып, олардың заңды талаптарын бұлжытпай орындауларыңызды сұраймыз», делінген қалалық штаб таратқан хабарламада.