
Тарихта тұңғыш рет болған қызық жайт Бразилия мен Эквадор арасындағы әлем чемпионатына іріктеу кездесуінде орын алды. Төреші алдымен ойынның 31 минутында бразилиялық қақпашыға «қызыл қағаз» көрсетті. Алайда бейне қайталауды көріп келгеннен кейін ол шешімін өзгертуге мәжбүр болды. Бұдан кейін төреші өзі қосқан қосымша минуттарда тағы да Алисон Беккерді алаңнан қууға ниеттенген еді. Алайда бразилиялық қақпашыны екінші рет бейне қайталау жүйесі құтқарып қалды. Футбол тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған еді.