Экономика • 31 Қаңтар, 2022

Маңғыстауда мұнайдың жаңа кен орны табылды

4597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда мұнайдың жаңа кен орны табылды

Компания мәліметінше, Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнында қосымша барлау жұмыстары арқылы жаңа мұнай шоғырлары ашылды. Нәтижесінде алынатын мұнай қоры 39,9 миллион тоннаға артқан.

Көмірсутегі қорларының артуы компанияның экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер ететіні хабарланды.

«2017 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС және «ҚМГ Инжиниринг» филиалының геологтар тобы Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасына бастамашылық етті. Осы бағдарлама шеңберінде 2017-2021 жылдар ішінде 3D (368 шаршы километр) жоғары шешімді сейсмикалық барлау түсірілімі жүргізілді, ұңғымалардың бүкіл қоры (7500-ден астам) қайта пысықталды, геологиялық тұжырымдама қайта қаралды және 3D-геологиялық модель қайта жасалды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша кен орнының құрылымы нақтыланды және мұнайдың жаңа шоғырлары табылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Өзен кен орнының мұнай қоры 8 пайызға көбейді, бұл сандық мәнде алынатын қорлардың 39,9 миллион тоннасын құрайды», делінген хабарламада.