Әлем • 03 Ақпан, 2022

Президент сайлауы наурызда өтетін болды

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арменияда Президент сайлауы наурыз айында ел Парламентінде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап. 

Президент сайлауы наурызда өтетін болды

Бұл туралы Премьер-Министр Никол Пашинян Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Сіз наурыз айында өтетін сайлауға дейін жоғары технологиялық өнеркәсіп министрінің міндеттерін толықтай орындап, осы кезеңде тиімді жұмыс істейсіз деп үміттенемін», деді Пашинян президенттікке үміткер жоғары технологиялық индустрия министрі Ваагн Хачатрянға.

Оның айтуынша, Хачатрянды Парламенттің 65 депутаты ұсынған. Бұл қадам оның Президент болып сайланатынына сендіреді.

Армения Президентінің міндетін атқарушы Ален Симонян өткен аптада БАҚ-та «Азаматтық келісім» партиясының жоғары технологиялық индустрия министрі Ваагн Хачатрянның кандидатурасын ел Президенті лауазымына ұсынуы туралы ақпаратын растады.

Армения Президенті Армен Саркисян 23 қаңтарда отставкаға кететінін мәлімдеді. Негізгі себеп ретінде ол Мемлекет басшысына сыртқы және ішкі саясаттың түбегейлі процестеріне әсер етуге мүмкіндік беретін тиісті өкілеттіктердің жоқтығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50