Жекпе-жек • 04 Ақпан, 2022

Хабиб Мейвезер-Макгрегор жекпе-жегін фейк деп атады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор мен Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хабиб Мейвезер-Макгрегор жекпе-жегін фейк деп атады

«Ақиқатында Конор екеуміздің шайқасымыз аралас жекпе-жек әлеміндегі ең үлкен кездесу болғаны даусыз. Ондай жекпе-жекті маңайлайтын кеш бұрын-соңды болған емес. Тіпті кәсіпқой бокс ережесі бойынша өткен Мейвезер-Макгрегор шайқасы да біздің кездесуді маңайлай алмады. Көп жанкүйерлер аталмыш шайқастың қай раундта тоқтатылғанын да ұмытып қалды. Өйткені ол күні жекпе-жек болған жоқ. Бар болғаны Мейвезер үшін спарринг деңгейіндегі кездесуге айналды. Макгрегордың боксшы емес екенін бәріміз білеміз. Мұндай шайқастарды фейк деп атауға болады. Келісілген кездесу екені де рас.

Иә, мен аталмыш жекпе-жекті келісілген кездесу деп айтамын. Бұл – менің пікірім. Ал Конор екеуміздің жекпе-жегіміз шын мәніндегі ұрыс болғаны ақиқат. Бізде шайқасқа дейін де, кейін де бәрі шынайы болды», деді ол өз ойын түйіндеп.