Президент • 08 Ақпан, 2022

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

403 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті Үкімет мүшелері!

Құрметті жиынға қатысушылар!

Біз бүгін еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығарып, биылғы жоспарымызды талқылаймыз.  

Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті.

Өңдеу өнеркәсібі 5,5, құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты.     

Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар.

Сауда-саттық 9,2, көлік саласы 3,6 пайызға артты.  

Дегенмен, инфляция межелі деңгейден асып кетті. Бұл көрсеткіш 8,4 пайыз болды.  

Өкінішке қарай, қаңтар оқиғалары  қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматтарымыз зардап шекті.

Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады.

Қазіргі мәліметтер бойынша бизнеске 100 миллиардтан астам теңге көлемінде залал келді.

Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл өте маңызды міндет, сондықтан оны басымдықтардың бірі ретінде санауымыз қажет.

Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету –  басты міндеттердің бірі.  

Ең бастысы, біз азаматтардың табысын арттыруымыз қажет.

Қазір еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. 

Дүние жүзін жайлаған індеттің беті қайтпай тұр.

Соның салдарынан елдегі іскерлік белсенділік төмендеп кетті.

Жыл басында болған оқиғалар ұлттық қауіпсіздігімізге зор қатер төндірді.

Біз осындай қиын жағдайда ел бірлігінің арқасында мемлекетіміздің қауіпсіздігін, тіпті да тұтастығын сақтап қалдық.

Қазір Үкіметтің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру.

Сондай-ақ, азаматтардың табысындағы алшақтықты азайту және еңбек етуге қолайлы жұмыс орындарын ашу.

Біз жұрттың бизнеспен айналысуына тең мүмкіндік береміз.  

Қоғамымызда белең алған сыбайлас жемқорлықпен, экономикадағы әсіре байлар үстемдігінің салдарымен күресеміз.

Бәріміз елдің игілігі үшін қызмет етуге тиіспіз.    

Осы орайда, мынадай міндеттерге арнайы тоқталып өту маңызды.    

Бірінші. Халықтың табысын арттыру және теңсіздікті азайту.

Табыс табу – азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартудың және болашаққа деген сенімін нығайтудың басты факторы.

Өкінішке қарай, соңғы кезде жұрттың табысы экономикалық өсімнің емес, әлеуметтік трансферттің есебінен көбейді.

Ашығын айтқанда, жәрдемақымен және зейнетақымен ғана күн көріп отырғандар аз емес.    

За пять лет в общих доходах населения доля трудовых доходов сократилась с 80 до 67%, а социальных трансфертов выросла с 17 до 29%.

Есесіне әлеуметтік трансферттің көлемі 17 пайыздан 29 пайызға дейін артты.

Бұдан азаматтардың кірісі алатын жалақысына емес, бюджет шығысына тәуелді екенін байқауға болады.

Бұл аз десеңіз, жұмыс берушілердің пайдасымен және нарықтағы бағаның көтерілуімен салыстырғанда еңбекақы әлдеқайда баяу өсуде.        

Соның салдарынан қарызға батқан азаматтар мен кедей адамдар көбейіп барады.

Қазіргі таңда 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді.

Бұл – соңғы 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш.

Сөйте тұра, орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген көпірме есеп берілуде.

Бұл – нағыз көзбояушылық.

Менің тапсырмам бойынша Халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр.

Бұл құжатта тұрғындардың кірісін көбейтумен қатар, орынсыз шығынын азайтатын тың шаралар қарастырылуға тиіс.

Мемлекет бизнеске жүктеген кейбір қосымша шығынды кәсіпкерлер халықтан өндіріп алатыны жасырын емес.  

Речь идет о комиссиях и тарифах различных посредников, монопольных операторов, ненужных агентов. Эту проблему знаете. Но вопрос: кто платит за их услуги? Конечно, потребитель платит. И виной тому – принятые законы и постановления.

То есть в основе лежат нормативно-правовые акты, при принятии которых госорганы зачастую руководствовались интересами отдельных компаний, а не интересами общества. Средства, которые казахстанцы могли бы тратить на себя, утекают в карманы этих компаний.

Поэтому Правительству поручается обратить самое серьезное внимание на данную проблему и совместно с Палатой «Атамекен» разобраться по каждой такой ситуации и предложить конкретные решения для их исправления.

Доля малых компаний в структуре отечественного бизнеса сегодня составляет более 90 %. При реформировании Палаты следует сфокусировать ее функционал именно на поддержке, защите и развитии малого бизнеса. При этом малый бизнес следует освободить от обязательных членских взносов. Это как бы само собой разумеющееся.

Екінші. Инфляцияны ауыздықтау.

Баға барлық елде жаппай өсуде.

Соған қарамастан, біз инфляцияны 8,4 пайыздан асырмай, ұстап қалдық.  Бағаны өсірмеу үшін көбінесе нарыққа тән емес әдістер қолданылды.

Осының бәрі – шарасыздықтан жасалған қадамдар.

Мұндай ұстаным күндердің күнінде инфляцияның күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.   

Поэтому важно своевременно перейти от контрольно-регулятивных мер в пользу системно-отраслевых мер.

Мен нақты тапсырмалар бердім.

Үкімет пен әкімдер жұмысқа кірісіп кетті.

Дегенмен, тағы бір түйткілді мәселені  атап өтейін. 

Сауда-саттықтағы тиімсіз делдалдыққа тоқтау салатын кез келді.

Мысалы, 3 миллион адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді-мекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне «Алтын орда» базарынан алады.

Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, базардағы тәртіп орнатуды тапсырамын.  

Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз майшелпекке айналған.

Бұған Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде анық көз жеткіздік.  

Бұл – басқа өңірлерге де қатысты мәселе.

Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары атсалыссын.  

Екі ай уақыт беремін.

Далее. Национальный банк должен проводить независимую и адекватную денежно-кредитную политику для достижения целевого коридора инфляции – 4-6 % в 2022 году и 3-4 % в 2025 году.

Нельзя также забывать о кредитовании реальной экономики.

С 2017 года реализуется Программа повышения финансовой устойчивости банковского сектора. На покрытие убытков по проблемным займам банкам выделено порядка 700 миллиардов тенге.

Однако должного встречного движения в части повышения объемов и доступности кредитов не наблюдается. Старая проблема, каждый раз об этом говорим.

Профицит высоколиквидных активов банков растет. Знаем эту проблему, знаем названия этих банков. Сегодня профицит составляет почти 12 триллионов тенге. Эти средства должны работать на экономику, в том числе на развитие адекватных условиях бизнеса и ипотечного рынка.

Предстоит создать регуляторные механизмы, при которых банки будут стремиться кредитовать эффективные проекты. Это задача нового руководителя Национального банка и Агентства по финрегулированию.

ҮШІНШІ. Экономиканы өркендету үшін қосымша қаражат қарастыру.

Мен бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында бірқатар нақты міндет жүктедім.

Ең алдымен, бюджеттегі тиімсіз әрі шығыны көп жобаларды анықтап, одан түбегейлі бас тарту қажет.

Еркін экономикалық аймақтардың көпшілігі инвестиция әкелу үшін тиімді бола алмады деп мен бірнеше рет айттым.     

И это несмотря на внушительный пакет налогового стимулирования почти в полтриллиона тенге.

Что мы получаем в итоге? За последние три года объем произведенных на СЭЗ товаров не превышает 1,5 % от ВВП, а доля их экспорта и вовсе составляет 0,1 % от общестранового.

Осы мәселені реттейтін кез келді.

Жаңадан тағайындалған Индустрия министрі бұл түйткілдің шешімін табады деп ойлаймын.

Еркін экономикалық аймақтардың басшылығы  пайдалы әрі тиімді жобаларды жүзеге асыруға  құлықты емес.

Олардың әкімшіліктерін тәртіпке шақырыңыздар.

Үкіметке бір ай уақыт беремін.

Заңға өзгеріс енгізуден бастап, қажетті шараның бәрін қабылдаңыздар.

Іштен және сырттан инвестор тартыңыздар.       

Кеден бекеттеріндегі қордаланған мәселелерді жедел шешу қажет.

Бұл – бюджет үшін айрықша маңызы бар сала.

Тағы да қайталап айтамын: ондағы былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болуы мүмкін.

Қытайдың статистикасы мен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 миллиард доллар болуы – соның дәлелі.

Қазір Қытаймен арадағы кеден бекетінде  12 мыңнан астам көлік электронды кезекте тұр.

Құзырлы экономикалық операторлардың заңсыз іс-әрекеті туралы бұған дейін де айттым.

Олар кеденнен және басқа да бақылау органдарынан соншама жеңілдікті қалай алып отыр?

Не себепті бұл мәселе назардан тыс қалған?    

Бұл сұрақтарға 10  күннің ішінде  нақты әрі толық жауап күтемін.

Осы саланың қызметін заң бойынша қатаң реттеу қажет.   

Жалпы, кеден және логистика жүйесіне  ірі халықаралық компанияларды тартуды ойластырған жөн.

Олар қажетті тасымал көлемін және жұмыстың ашық әрі есепті болуын қамтамасыз ете алады.

Бұл мәселе үкіметте талқыланды.

Үкіметке оны тағы да пысықтап, маған баяндауды тапсырамын. 

Бюджеттің шығыс бөлігінен де кірісті арттырудың көзін табуға болады.   

Қаржыны аса қажет емес шаруаларға жұмсауды доғару керек.   

Каждый потраченный тенге должен давать социально-экономическую отдачу как на уровне отрасли, так и в масштабах страны. Для этого должна быть четкая система оценки. Однако Правительство уже более двух лет не может нормально организовать эту работу. До сих пор не сформирована соответствующая методология.

Поручаю Министерству финансов, Агентству по стратегическому планированию совместно со Счетным комитетом в двухмесячный срок разработать методику анализа социально-экономического эффекта государственных расходов.

Келесі мәселе. Квазимемлекеттік сектордың инвестициялық жобаларының құны тым асыра көрсетілетіні жасырын емес.

Оны аз десеңіз, құрылыс барысында баға тағы да өседі.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» қоры
12 ірі жобаны жүзеге асыруда. 

Бұл – энергиямен қамтамасыз етуге, газ өндіруге, темір жол инфрақұрылымын салуға қатысты жобалар. 

Жұмыстың жалпы құны – 3,4 триллион теңге.   

Әрине, аталған нысандар халыққа қажет.

Алайда, жобалардың құнына және мердігерлердің конкурссыз таңдалуына қатысты көптеген сұрақ туындайды.

Мысалы, Кендірлідегі су тұщытатын зауыттың жобасы  шетелдегі дәл осындай жобалардан 3 есе қымбат тұрады.    

Екібастұздағы ГРЭС пен Алматыдағы энергетикалық торапты жаңғыртуға тым көп қаражат бөлініп отырған жоқ па?  Осындай  мысалдар аз емес.

Сондықтан, мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін ашық халықаралық байқау өткізген жөн. 

Бұл қалыпты тәжірибеге айналуға тиіс.   

Реттелетін мемлекеттік сатып алу жүйесінің  жағымсыз жағы да бар.

Бөлінген қаржыны қалайда игеру керек деген ұстаным дұрыс емес.

Әрбір әрекетті, тіпті болмашы қадамның өзін келісу қажеттігі туралы талап та мүлде орынсыз.    

Слепое следование формальным правилам и процедурам ведет к тому, что процесс довлеет над результатом. Многие годы даются необходимые поручения, эксперты вырабатывают какие-то рекомендации. Но все это тонет в бюрократическом болоте, саботируется замшелой кастой ретроградов. Поэтому решительной реформы бюджетного планирования так и не произошло.

Это как понимать? Неспособность работать по-новому или боязнь потерять рычаги влияния на министерства и акиматы, которые сейчас вынуждены ходить к ним на поклон?

Поэтому я даю месяц на выработку сбалансированного решения в русле цифровизации. Я подчеркиваю, в русле цифровизации. Здесь без нее нам очень трудно надеяться на какие-либо положительные результаты. По итогам доложите в Правительство и Администрацию.

В условиях жесткой мировой конкуренции за капитал наша инвестиционная политика должна стать максимально эффективной. В прошлом году внедрен новый инструмент поддержки инвесторов – стратегическое инвестиционное соглашение. Определен перечень из 70 потенциальных стратегических соглашений. Однако на сегодня подписано только одно соглашение.

В результате не растет объем иностранных инвестиций. Правительством сформированы два пула инвестиционных проектов: один состоит из 450 проектов, другой – из 3 000.

Планы хорошие. Но из-за отсутствия должного контроля и бюрократической волокиты реализация этих проектов остается на бумаге.

Поэтому поручаю Правительству определить единый пул инвестиционных проектов, сделать его публичным, в том числе для общественного мониторинга реализации проектов.

Сондай-ақ, жергілікті жерлердегі, аудандық деңгейдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне тоқталғым келеді.

Аймақтарда жұмыстың алға басуы әкімге байланысты екені рас.   

Кәсіпкерлік бастаманың жолын кесіп, тежейтін де көбінесе әкімдер. Бұл – ащы ақиқат.

Тіпті, қаржылай көмек бермек түгілі, заң аясында  әкімшілік қолдау да көрсетпейді.    

Мұндай жөнсіздікті шұғыл түрде доғару керек.

Аудан әкімдеріне нақты меже қойылсын. 

Оларға жыл сайын әрбір 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жұмыс орнын ашуды міндеттеген жөн.      

Біз  енді  жұмыс тәсілін өзгертеміз. Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек. Керісінше, әкім инвестор тартуға ұмтылуы қажет.  

Правительству и Счетному комитету при методологической поддержке АСПиР следует наладить систему учета таких рабочих мест.

Отдельно хочу остановиться на необходимости дальнейшего повышения бюджетной независимости акимов всех уровней. Ситуация, когда 82 % регионов дотационные, – неправильная. Это особенности нашей методологии межбюджетных отношений.

Акимы постоянно обивают пороги министерств, выпрашивая трансферты общего характера и целевые. Кроме того, многие расходные инициативы центрального уровня решаются в ключе «перекинем на местный бюджет, а акимы разберутся». Сейчас уже так работать нельзя.

Мен бұған дейін бюджетаралық қатынастың жаңа жүйесін қалыптастыру туралы тапсырма берген болатынмын.

Осы тапсырманы тағы да естеріңізге саламын.   

Бұл ретте, қаржыны жергілікті жерде көбірек қалдыруға баса мән берген жөн.

Елімізде үш жылдан бері «Қарапайым заттар экономикасы» атты бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты − ішкі нарықты халық тұтынатын отандық тауармен қамтамасыз ету. 

Алайда, осы кезеңде экспорт көлемі бұрынғы деңгейде қалып, импорттың үлесі 8 пайызға өскен.

Үкімет мұның себебін анықтауға тиіс.

Өнеркәсіп саясатында негізінен автокөлік жасау саласына басымдық берілген.

Бірақ, отандық өнімнің үлесі әлі де төмен.

Ашылып жатқан жұмыс орындары да аз.     

Өнеркәсіп саласына жауапты министр индустрияландырудың барлық мәселесімен мұқият айналысуға тиіс. Әсіресе, даму мүмкіндігі жоғары салаларға баса мән беруді тапсырамын.      

Еще один актуальный вопрос. В социальных сетях постоянно муссируется информация, что большинство казахстанских автомобилей якобы приходит практически в готовом виде, как говорится, остается лишь прикрутить колеса. Здесь видится значительная доля преувеличения, причем цель понятная. Во всяком случае, надо выяснить, насколько такие утверждения соответствуют реальности? После этого следует принять меры.

По утильсбору мы приняли решение – все средства будут поступать государству. Теперь необходимо определиться с размером ставок. Рабочая группа активно обсуждает данный вопрос.

Сразу отмечу, утильсбор будет пересмотрен.  Но нужно избегать крайностей. Нельзя выбрасывать на ветер деньги, потраченные на развитие автопрома, и открывать свой рынок для откровенного импортного автохлама.

Утилизационный или регистрационный сбор – это не самоцель. Главное – повысить доступность автомобилей и сельхозтехники для потребителей. Ожидаю соответствующей реакции от производителей и дистрибьютеров. Предварительный доклад Правительства показывает, что оно на правильном пути находится.  

Для обеспечения доступным сырьем отечественных обрабатывающих предприятий нами были предусмотрены конкретные законодательные нормы. Это большой шаг вперед, без которого невозможно перейти на производство продукции среднего и верхнего переделов.

Не секрет, что Казахстан экспортирует в основном концентраты и полуфабрикаты, а импортирует наоборот готовые изделия. Наш единственный металлургический комбинат по своему техническому состоянию и оснащению так и остался на уровне советского периода. Устаревшее производство, отсутствие добавленной стоимости, высокий производственный травматизм и ужасная экология – это далеко не полный перечень имеющихся там проблем.

Наши горнодобывающие предприятия должны думать больше о производстве добавленной стоимости внутри страны, а не о вывозе сырья.

Үкімет өнеркәсіп саласы өкілдерімен бас қосып, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу үшін не істеу қажеттігін бірлесіп шешуі керек. 

Мемлекет бұл жұмысқа жан-жақты қолдау көрсетеді.

Келесі мәселе. Былтыр еліміз бойынша 17 миллион шаршы метр тұрғын-үй салынды.

Бұл – бұрын ешқашан болмаған көрсеткіш.

Алайда, оның қаншалықты дұрыс мәлімет екенін тексеру керек.

Әкімдер жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ескі үйлер мен саяжайларды да есепке қосып жіберді  деген ақпарат бар.

Ал, биыл былтырғыдан 1 миллион шаршы метр көбірек үй салынады деп жоспарланып отыр.  

Бірақ, құрылыстың мұндай қарқынына коммуналдық инфрақұрылым ілесе алмай жатыр.   

Елордамыздағы ахуал −  осының айқын дәлелі.

Қалада алдағы 3 жылда сағатына 900 гигакалория жылу тапшылығы болуы мүмкін.

Дәл осындай мәселе кейбір облыс орталықтарында да бар.

Құрылыс жоспарын ескере отырып, оған қанша коммуналдық инфрақұрылым қуаты қажет болатынынын болжай білу керек.

Үкімет бұл жұмысты әкімдермен бірлесіп атқаруға тиіс.

Осы талдаудың негізінде нақты шаралар қабылдау қажет.

Бұдан былай тиісті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар жерге ғана тұрғын-үй салынуы керек. 

Тағы бір түйткілді мәселе – құрылыс саласында нағыз бәсекенің болмауы.

Елімізде бірнеше құрылыс компаниясы ғана  үстемдікке ие болып отыр.

Коммерциялық нарық та, мемлекеттік тапсырыс саласы да солардың уысында. Шын мәнінде, олар бұған әкімшілік ресурсты пайдалану арқылы қол жеткізуде.        

Прошу Правительство совместно с Агентством по защите и развитию конкуренции принять пакет мер по демонополизации строительного рынка и его конкурентному развитию. Имена строительных компаний, которые постоянно выигрывают тендеры, а затем передают строительные проекты субподрядным компаниям, а те – «субсубподрядным» компаниям, хорошо известны.

Также хотелось бы остановиться на моей инициативе субсидирования арендного жилья. Она должна была заработать еще год назад. Но из-за нерасторопности, а, может быть, из-за саботажа, сотни тысяч казахстанцев до сих пор не получают этот вид поддержки. Чиновники долго пытались из простой и понятной инициативы по снижению затрат на жилье для наименее обеспеченных граждан создать очередной инструмент поддержки крупных строительных фирм.

Повторю в последний раз – это инициатива социальная.

«Отбасы банку» и министерству цифровизации нужно создать цифровую платформу, на которой должны зарегистрироваться те, кому положены субсидии, а также сдающие в аренду владельцы недвижимости. Люди, исходя из своих потребностей, смогут выбрать жилье там, где хотят, а не там, где им скажет акимат или застройщик. От государства социально уязвимым категориям граждан будет выплачиваться субсидия в размере 50 % от арендной платы. А высвобожденные деньги семейного бюджета будут тратиться на другие нужды: продукты, образование, медицину. Поэтому надо начать прием заявок по этой системе. Даю такое поручение, не затягивая данный вопрос, нужно продолжать работать.  Не позднее            1 мая эту работу завершить и доложить, как она выполняется.

Төртінші. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі.

Соңғы 5 жылда ауылшаруашылығын дамытуға 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Алайда, субсидия көлемі  қанша өссе де, бұл салада  ауыз толтырып айтатын өзгеріс болған жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер субсидияны таратып берумен ғана шектелген.

Оған ешқандай талдау жасалған жоқ.

Қаржының тиісті мақсатқа жұмсалуын да ешкім бақылауға алмаған.

Субсидия түпкі иесіне жетпей, орта жолда талан-таражға түсуде.

Тіпті, ауыл шаруашылығына еш қатысы жоқ салалар да оның қызығын көруде. 

Соңғы жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 960 қылмыстық іс тергеген. Соның 54 пайызы субсидияны жымқыруға қатысты болған. Мысалы, жайылымдық жерлерді суландыруға 80 миллиард теңге бөлінді. Бірақ, оның тең жартысы  желге ұшты.

Осы жұмысқа қажетті құрал-жабдықтың бағасы  2-3 есе артық көрсетілген. Тіпті, кей жағдайда қаржыны қағаз жүзінде игере салған.

Сонымен қатар, субсидия алып отырған жұрттың ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге және сақтауға аса құлқы жоқ.

Себебі, субсидиялау жүйесінің өзі шаруаларды бұған ынталандырмайды.     

Жағдай түзелмесе, агроөнеркәсіп кешені шикізат өндіруден ары аса алмайтыны анық.

Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жоқ.

Жеке құрылымдар субсидия бөлуге қатысты түрлі порталдар (Qoldau.kz, plem.kz) ашқан.

Олар өз қызметі үшін шаруалардан 
3-11 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша алып отыр. Шаруалардың бұған наразылық білдіруі орынды.

Үкіметке субсидиялау туралы ақпаратты толық қамтитын платформа әзірлеуді тапсырамын.

Бұл платформа шаруаларға тегін қызмет көрсетуі керек.  

Субсидия мемлекет беретін міндетті төлем емес екенін әркім білуге тиіс. 

Бұл – шаруаларды өнімді  жұмыс істеуге ынталандыратын тәсіл.

Бюджет қаржысы – оңды-солды таратыла беретін тегін дүние емес.  

Субсидиялаудың жаңа жүйесінде осы мәселені реттейтін тың тәсілдер қарастырылуы  қажет.

Субсидия алған адамнан жұмыс тиімділігін арттыруды талап ететін боламыз. 

Жұмыс барысында осыны есте ұстаңыздар.

Келесі мәселе. Мен бос жатқан жайылымдық жерлерді тезірек қайтарып алып, оны ауыл тұрғындарына беруді тапсырған болатынмын.

Қазір халық үшін айрықша маңызы бар жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бірақ, бұл жерде де Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер көзбояушылыққа жол берген.

Министрлік жайылымдық жердің тапшылығы 6,8 миллион гектарға немесе 32 пайызға азайды деп мәлімет беріп отыр.  

Бұл шаруа қожалықтарымен меморандумға қол қоюдың және елді-мекендердің аумағын кеңейтудің арқасында мүмкін болды.

Алайда, Бас прокуратураның тексерісі көрсеткендей, бірқатар өңірде жайылымдық жердің тапшылығы әлі де азаймаған.

Ақмола, Атырау және Қостанай облыстарында ауыл тұрғындарына малын фермерлердің жеріне жаюға рұқсат беріледі деген жалған меморандум жасалған.

Шын мәнінде, жайылымдық жердің тапшылығы қағаз бетінде ғана азайған. 

Бұдан бөлек, аймақтар халықтың жайылымға деген сұранысын төмендетіп көрсете бастаған.

Үкімет  неге бұған көз жұма қарап отыр?

Мұндай әрекеттер ауыл халқының  наразылығын өршітпесе, кемітпейді.

Үкіметке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырамын.

Далее. Одной из важных задач в части рационального использования земли является недопущение ее концентрации в одних руках.  Я уже говорил об этом.

Сегодня говорю именно о непроизводительной концентрации – когда берут земли побольше, но не вкладывают инвестиции. В ряде регионов решениями маслихатов размеры наделов утверждены без научно-обоснованных подходов: в Атырауской – 98 тысяч гектаров, Алматинской – 96 тысяч гектаров, Восточно-Казахстанской области – 69 тысяч гектаров.

Между тем Министерство сельского хозяйства разработало проект постановления, разрешающий иметь в одних руках до 98 тысяч гектаров сельскохозяйственных земель. Это выглядит как попытка закрепить текущие непомерные земельные владения людей, которые ими владеют, то есть зафиксировать их в качестве нормативной базы. 

Поясню: государство не против больших земельных участков. Это хорошо – в экономический оборот вовлекается больше земель, работает эффект масштаба, повышается конкурентоспособность. Однако должны быть жесткие встречные обязательства, ответственность за фактическое использование земель.

Поэтому поручаю Правительству создать рабочую группу с участием экспертов и научных институтов для определения предельных размеров земельных участков, которые нужно утвердить до 1 мая текущего года.

Тағы бір маңызды мәселе бар. 2003 жылы қабылданған Су кодексі суды шаруашылық мақсатқа пайдалану тәртібін ғана реттейді. 

Бұл құжат су ресурстарын сақтауға және оны тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейді.  

Ауа-райының өзгеруі, су саласында қордаланған мәселелер қазірдің өзінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін кедергіге айналып отыр.

Үкіметке сарапшылармен бірлесіп, жаңа Су кодексінің жобасын әзірлеуді тапсырамын.

Кодекс климаттың өзгеруін және шекаралас елдердің саясатын ескере отырып, су ресурстарының тапшылығын азайтуға септігін тигізуі керек.

Келесі мәселе. Күн жылынғанда шаруалардың жұмысы қыза түседі. 

Көктемгі егіс науқаны басталады. Бұл жұмысты уақтылы атқару үшін шаруаларға барлық жағдайды жасау керек. Ең бастысы, мемлекеттің қолдау шаралары ешкімді әуре-сарсаңға салмай, дер кезінде жасалуға тиіс.

ПЯТОЕ. Развитие энергетического комплекса

В прошлом году мы столкнулись с серьезным энергокризисом. Наблюдался дефицит дизельного топлива, авиакеросина, сжиженного нефтяного газа, электроэнергии. Это произошло из-за некачественного планирования, отсутствия контроля и злонамеренных действий отдельных лиц.

Сегодня возникли риски дефицита товарного газа.  В прошлом году «QazaqGaz» не совсем продуманно ввел мораторий на подключение к газу новых промышленных объектов.

В результате в ряде регионов отсутствует газ, необходимый для реализации новых проектов, в том числе высокотехнологичных и экспортоориентированных. В стране имеются все условия для дополнительного производства товарного и сжиженного газа.

Но задача формирования сбалансированного и коммерчески привлекательного рынка газа никак не решается. Поэтому жду от министра энергетики конкретных предложений.

Мы столкнулись с регулярными перебоями в работе системы энергоснабжения. Самый яркий пример – недавнее отключение электроэнергии на юге страны. Мы отчасти зависим от качества работы энергосистем сопредельных государств.

Проблему энергетической безопасности страны нужно срочно решать. Я не понимаю, почему ответственные лица дипломатично уходят от ответов на вопросы о строительстве атомной станции. А ведь нужно прямо сказать: без чистой атомной энергии мы потеряем всю экономику, не говоря уже об инвестициях, утратим региональное лидерство. Нам позарез нужна электроэнергия, причем атомная чистая энергия. Нельзя идти на поводу у популистов, которые не разбираются в экономических реалиях. Нужно профессионально разъяснять значение атомной энергетики.

Нельзя замалчивать и роль цифрового майнинга. Мы видим, что социально-экономический эффект от производства криптовалют минимален. Массовых рабочих мест не создается, продукции как таковой нет вообще.

При этом данная сфера потребляет электроэнергию как несколько областей. Причем отдельные недобросовестные майнеры подковерно пользуются тарифами, которые ниже, чем тарифы для населения. Не платятся налоги и пошлины на ввозимое оборудование. И самое главное – максимально используя ресурсы страны, эти дельцы монетизируют их в других юрисдикциях.

Прошу Агентство финансового мониторинга детально разобраться в данной ситуации. Необходимо выявить все майнинговые фермы, проверить налоговые и таможенные вопросы, тщательно изучить договоры, на основании которых получены техусловия, а также другие аспекты их деятельности. Прошу доложить до 15 марта.

Еще раз обращаю внимание – государство не против «белого» майнинга. Но те, кто хотят работать в этой сфере, должны иметь соответствующую лицензию, получать электроэнергию по адекватным тарифам, декларировать доходы и выплачивать налоги, запускать проекты «зеленой» энергетики.

Налоги на майнинг мы тоже повысим. Текущая ставка 1 тенге за киловатт мощности ничтожно мала. Поручаю Правительству проработать кратное увеличение данного налога, причем в кратчайшие сроки.

Правительству следует разработать полноценный пакет решений по регулированию и развитию цифрового майнинга. Результаты жду к 1 апреля.

АЛТЫНШЫ. Көп қаржыны қажет ететін бағыттың бірі – денсаулық сақтау саласы.

Бұл салаға бөлінетін қаражат жылдан жылға көбейіп келеді.   

Алайда, бюджеттің мүмкіндігі шектеулі.

Сондықтан, қолда бар қаржыны түгендеп, басымдықтарды қайта қарау керек.

Бұл – алдағы жобаларға, соның ішінде мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі арқылы салынатын 20 ауруханаға қатысты мәселе.

Оның әрқайсысына жұмсалатын шығын  қолданыстағы заманауи ауруханалардың құнынан бірнеше есе артық. Мемлекет пен жекеменшіктің мұндай серіктестігі бізге қажет емес.  

Үкіметке аурухана құрылысы бойынша бірыңғай баға белгілеуді тапсырамын. Әрине, оның мөлшері көңілге қонымды болуы керек.   

Необходимо коренным образом пересмотреть систему закупа медицинской техники. Это тоже большая проблема. Поскольку данная сфера является высококоррупциогенной.

Регионами системно завышаются сметы и цены на оборудование, тратятся огромные деньги на его сервисное обслуживание. Поэтому поручаю Правительству перейти на централизованный закуп медицинской техники на базе «СК-Фармация».

*  *  *

«Жаңа Қазақстанды» құру үшін түсінікті әрі әділ мемлекеттік саясат жүргізілуі керек.

Бұл саясат санасыз шенеуніктердің жөнсіздігіне жол бермейді.

Бәсекеге және технологияға негізделген экономиканы қалыптастырады.      

Сонымен бірге, жеке меншікке, адамның құқықтары мен бостандығына қол сұғылмауына заң үстемдігі арқылы  кепілдік береді.    

Барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік жасайтын да – осы саясат. Әркім Қазақстанның болашағына жауапты екенін сезініп, ортақ іске өз үлесін қосуы керек.   

Жұрт мемлекеттен ашық әрі түсінікті саясат жүргізуді талап етеді. Осы талапқа сай болуымыз қажет.   

От бизнеса требуется налоговая честность и социальная ответственность. Одним из проявлений такого подхода являются пожертвования в фонд «Қазақстан халқына».

Я уже говорил, сегодня повторюсь, что его формирование должно идти в основном за счет крупной национальной буржуазии, хотя взносы других компаний, включая иностранных инвесторов, приветствуется. Это не принудиловка, а шанс состоявшимся, прибыльным компаниям и гражданам пожертвовать средства на благородные общенациональные цели.

Адал еңбек ету – бәрімізге ортақ міндет.

Өкінішке қарай, кейде жұрт, әсіресе жастар маңдай терін төгіп, жұмыс істегісі келмейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді жөн көреді. Өйткені, олар бізде адал еңбек лайықты бағаланбайды деп ойлайды. 

Жастар бастықтар мен ауқаттыларға жақын жүретін түрлі алаяқтардың, жемқорлардың шалқып өмір сүріп жатқанын көріп отыр.          

Тіпті, соларға қарап бой түзейтін болды.

Қоғамда табысқа жетудің төте жолы осы  деген қате түсінік орнығуда.     

Оған қоса, тағы бір жағымсыз үрдіс бар.

Кейбіреулер адал еңбекпен жетістікке жететін мүмкіндік жоқ екенін көрген соң  еш әрекетсіз қол қусырып отырады.

Жұмыс істеудің орнына жақындарына да, мемлекетке де масыл болуда.  Өзіне жәрдемақы мен жеңілдік талап етіп, алақан жаюдан арланбайды.

Тіпті, жергілікті билікке қоқан-лоқы көрсетуден де тайынбайды.

Ұлтты жегідей жейтін осы кеселдер елімізді кері тартуда.

Министрден малшыға, қаржыгерден қара жұмысшыға дейін әрқайсымыз бұл туралы терең ойлануымыз керек.

Тиісті қорытынды жасап, дұрыс әрекет етуіміз қажет. Сонда ғана біз өркениетті қоғам құра аламыз.

Идеология добросовестного труда, справедливого вознаграждения должна прийти на смену мировоззрению компрадоров, временщиков, иждивенцев.

Это общая задача власти и общества, которая затрагивает социально-экономические аспекты, вопросы государственной политики, национальной идентичности и воспитания молодежи.

Правительству поручается в двухмесячный срок предоставить предложения по возврату в страну незаконно вывезенных за рубеж финансовых средств и приобретенных там активов.

Құрметті жиынға қатысушылар!

Біз бүгін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көптеген мәселені талқыладық.

Алдымызға нақты міндеттер қойдық.

Үкімет бағдарламасындағы негізгі ұстанымдарды жалпы мақұлдауға болады деп санаймын.

Бұл құжат көпшілікке барынша түсінікті болуы керек.