Аймақтар • 09 Ақпан, 2022

Өңірдегі автожолдар сапасы артты

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың 4 мың шақырымы құрылыс, реконструкция­лау және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жалпы құны 300,2 млрд теңге болатын 349 жоба жүзеге асырылды.

Өңірдегі автожолдар сапасы артты

Осынау ауқымды жұмыс аясында 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, оның ішінде 1 мыңы – тұрақты, 7 мыңы – уақытша. Республика бойын­ша 2,6 мың шақырым автожол пайдалануға берілді. Атап айтқанда, жергілікті жол­дар­дың 19 шақырымы салынды, 152 шақырымы қайта жаңар­тылды, 220 шақырымы күрделі жөндеуден өтті, 2,2 мың шақы­рым жолға орташа жөндеу жүр­гізілді.

Аудан орталықтарын облыс­тармен байланыстыратын жолдар да жөнделуде. Іске асырылған ірі жобалардың қатарында Шығыс Қазақстан облысы Күр­шім ауданындағы Бұқтырма су қой­масы арқылы өтетін көпір өт­келінің құрылысын, Ақтау қа­ласының курорттық аймағын­да жолдар салу және реконс­трукциялау, Атырау облы­сын­дағы «Индер-Миялы», Ақ­төбе облысындағы «Ақтөбе қала­сының оңтүстік айналма жолы», Алматы облысындағы «Алматы-Лепсі» жобаларын айтуға болады. Сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда көшелер дамытылып жатыр.

Жыл қорытындысында жер­­гілікті жолдардың норма­тивті жағ­дайдағы үлесі 80%-ға жеткі­зіл­ді. Былтыр бұл көрсеткіш 75% еді.

Облыстық және аудандық автожолдар жергілікті атқарушы органдарға қарасты екенін айта кету керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистрлігі өз кезегінде жыл сайы­н жергілікті жолдар желі­сін дамытуға мақсатты транс­ферт­терді паритеттік негізде бөлуде. Яғни 50 пайызы республикалық бюджеттен, қалғанын жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен бөледі.

Жалпы еліміз бойынша жер­­гілікті жолдардың ұзын­дығы 71 мың шақырымнан асады. «Қуатты өңірлер – ел да­муы­ның драйвері» ұлттық жобасына сәйкес 2020-2025 жылдары облыстық және аудандық маңызы бар 27 мың шақырым жолды құрылыс жұмыстарымен қамту көзделіп отыр.