Қазақстан • 09 Ақпан, 2022

Қосшыда сот құрылып, судьялар тағайындалды

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысы Қосшы қаласының сотын құру және судьяларды тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қосшыда сот құрылып, судьялар тағайындалды

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақмола облысы Қосшы қаласының соты құрылсын.
  2. Ақмола облысы Қосшы қаласы Мерзадинова Динара Сталбекқызы сотының судьясы қызметіне осы облыстың Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып тағайындалсын;
  3. Мұрат Мәуленұлы Халмурзаев осы облыстың Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, тағайындалсын», делінген Жарлық мәтінінде.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылды.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы 27 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласынан үш шақырым жерде орналасқан Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қалаға айналып, Ақмола облысы Целиноград ауданының құрамынан шығарылды. Қазіргі уақытта Қосшы халқының саны 50 мыңнан асады.