Кәсіпқой бокс • 09 Ақпан, 2022

Блогер Конор Макгрегорды Ирландияда жеңетініне сенімді

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі ютуб-блогер Джейк Пол аралас жекпе-жек шебері, екі салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегормен Ирландияда кәсіпқой бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Блогер Конор Макгрегорды Ирландияда жеңетініне сенімді

«Мен Конормен кәсіпқой бокс ережесі бойынша Ирландияда жұдырықтасатын боламын. Басты мақсатым Конорды жеңу болғандықтан да бокспен шұғылдануды қолға алдым. Өз басым Конор Макгрегорды жеңетініме бек сенімдімін», деді блогер BJPenn-ге берген сұхбатында.  

Өткен жылдың желтоқсан айында UFC-дің бұрынғы чемпионы Тайрон Вудлимен екінші рет шаршы алаңда кездескен ол қарсыласын алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Жалпы блогер бүгінгі күнге дейін бес рет шаршы алаңға көтеріліп, барлық жекпе-жегінде қарсыластарынан айласын асырды.