Аймақтар • 10 Ақпан, 2022

Алматы облысының тағы бір ауылына газ тартылды

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы Көктал ауылына табиғи газ тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының тағы бір ауылына газ тартылды

Биыл Талдықорған маңында орналасқан Көктал ауылының тұрғындары табиғи газға қосылды. 

«Кешеден бері он үйге газ тартылды. Газ бағасы - 31 теңге 70 тиын. Қазір басқа үйлерді қосып жатырмыз», деді «ЖетісуОблГаз» ЖШС басшысы Зияш Қияқбаев.

Бұрын ауыл тұрғындарының газға қол жеткізуіне құбырлардың бұзылуы кедергі болатын. Ақыры жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қаңтарда барлық ақаулар жойылды. Құбырлар беріктікке, тығыздыққа арналған сынақтардан толығымен өтті. Сапасы төмен материалдар алмастырылды.

Газды алғашқылардың бірі болып Оңалбай Жексенбинов іске қосты. Ол осы ауылда 20 жылдан астам уақыт тұрады. Онымен бірге 77 жастағы анасы Кенжеқыз Кенанова мен 82 жастағы әкесі Исатай Исанов тұрады. Олар қуаныштарын жасыра алмай, ризашылығын білдіруде.

«Бұрын біз көмір тасып, ағаш кесетінбіз. Енді бізге газ қосылды, бұл тіршілік үшін әлдеқайда ыңғайлы. Біздің уақытта ондай болған жоқ», деп бөлісті Исатай Исанов.

Айта кетсек, жыл басынан бері өңірде 164 елді мекен газдандырылды.