Футбол • 10 Ақпан, 2022

«Челси» мен «Палмейрас» ең үздік клубы атағына таласады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БАӘ-де футболдан Клубтық Әлем чемпионатының 1/2 финалы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Челси» мен «Палмейрас» ең үздік клубы атағына таласады

Клубтық әлем чемпионатының жартылай финалдарының бірінде ағылшын командасы «Челси» Сауд Арабиясының «Аль-Хилял» командасын жеңді. Матч Абу-Дабиде «Мохаммед бин Зайед Стэдиум» аренасында өтіп, Ромео Лукактың голының арқасында 1:0 есебімен аяқталды, бұл лондондықтарға финалға шығуға мүмкіндік берді.

Клубтық Әлем чемпионатының финалында «Челси» тағы бір жартылай финалда мысырлық «Аль-Ахли» - 2:0 есебімен жеңіске жеткен Бразилиялық «Палмейраспен» кездеседі. 

Финал 12 ақпанда өтеді. Осылайша, шешуші матчта Еуропа мен Оңтүстік Американың үздік командалары кездеседі.

«Челси» УЕФА Чемпиондар Лигасын жеңіп алды, ал «Палмейрас» екінші жыл қатарынан Либертадорес кубогының жеңімпаздары атанды.