Футбол • 10 Ақпан, 2022

ФИФА рейтингі: Қазақстан бір саты төмен сырғыды

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылы алғаш рет ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ФИФА рейтингі: Қазақстан бір саты төмен сырғыды

Рейтингте көш тізгінін Бельгия құрамасы қолға алса, Бразилия құрамасы екінші орынға орныққан. Үздік үштікті Франция құрамасы түйіндеп тұр. Ал Қазақстан құрамасы бір саты төмен сырғып, 120 орынға тұрақтаған. Посткеңестік елдердің ішінде Украина құрамасы топ бастаған. Аталмыш елдің ұлттық құрамасы 27 орынға табан тіреген.