Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2022

Шаңғышыларымыз эстафетаны 15 орынмен түйіндеді

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиадада шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы эстафеталық сын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шаңғышыларымыз эстафетаны 15 орынмен түйіндеді

Бұл додада Қазақстан құрамасы сапынан Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина топқа түсті. Тартысты өткен аламанда қазақстандық арулар жүлденің ауылынын алыс қалып, жарысты 15 орынмен түйіндеді. Бұл сында Ресей құрамасы топ жарса, күміс жүлде Германия құрамасына бұйырды. Үздік үштікті Швеция құрамасы қорытындылады.