12 ақпан күні Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ашхабадқа жұмыс сапарымен барып, Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді. Түрікменстан басшысымен кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, энергетика, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 24-25 қазандағы Түркіменстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар сапар барысында Роман Скляр Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарлары Сердар Бердімұхамедов, Шахым Абдрахманов және Чары Гылыджовпен жеке келіссөздер жүргізді, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша практикалық шаралар жан-жақты қарастырылды
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты
Бокс • Бүгін, 11:15
Астанаға миллионнан астам турист келді
Туризм • Бүгін, 11:00
Қазақстан рекорды жүзуден үшінші рет жаңарды
Спорт • Бүгін, 10:50
Ел оқушылары халықаралық олимпиадада жүлделі болды
Білім • Бүгін, 10:40
Ұлытау облысында 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
Экономика • Бүгін, 10:15