Спорт • 14 Ақпан, 2022

Алматыда сайысқа түседі

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыздың 19-30 аралығында Алматы облысының Ak Bulak тау-шаңғы курортында шахматтан кезекті ел чемпионаты өтеді. Онда 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар рапид және блиц шахмат бойынша кім мықтыны анықтайды.

Алматыда сайысқа түседі

Чемпионат ережесіне сәйкес, класси­калық шахматтан Қазақстан чемпионы атанған 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі спортшылар әлем біріншілігінде бақ сынайды. Ал классикалық шахматтан 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жас санаттарына дейінгі ел біріншілігінің күміс жүлдесін иеленгендер (ұлдар мен қыздар) Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, диплом және ақша­лай сыйлықпен марапатталады. Бас жүлде (Кубок) ең көп алтын медаль жеңген аймақ делегациясына беріледі. Биылғы ел чемпионатының жалпы жүлде қоры – 2 880 000 теңгені құрайды.