«Жартылай ауыр салмақ дәрежесіне бақ сынау Сергейге қай кезде де қиындық тудырып келді. Жартылай ауыр салмақтың лимитіне сай болу үшін ол өте көп күш жоғалтатын. Тіпті кей кездерде салмақ өлшейтін күні моншаға барып, салмақ қуалайтын. Бар күшін сарқа жұмсайтын. Соның салдарынан 24 сағат ішінде қалпына келіп үлгермейтін. Күшін жоғалтып алғанына байланысты 7-8 раунд бедерінде шаршап қалатын. Оны жанкүйерлер де жақсы біледі. Қазір оның салмағы 91 килограммға жетті. Сондықтан ол бірінші ауыр салмақта қолғап түйістіргенді жөн санайды. Қысқасы ол жаңа салмақта әлем чемпионы атанып кәсіби мансабын аяқтағысы келеді», дейді менеджер.
Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалевтің менеджері Эгис Климас боксшының бірінші ауыр салмаққа ауысуы ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Аймақтар • Кеше
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Оқиға • Кеше