Жақында Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент туралы заңға енгізілген өзгертулерге қол қойды. Осылайша, Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару сияқты Елбасының бірқатар өкілеттілігі тоқтатылды.
«Бұрын осындай заңдар қабылданды, қазіргі таңда олардың қажеттілігі шамалы. Оны ашық айту керек. Келешекте осындай заңдар қабылдаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бұрын олқылықтар болса да, бұл – біздің тарихымыз. Бәріміз тарихтан сабақ алуымыз керек. Біздің мақсатымыз – еліміздің болашағы, өскелең ұрпақтың қамы туралы ойлау. Басқа сөз жоқ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.