Әлем • 18 Ақпан, 2022

Қытайда індет қайта өршіді

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда коронавирус қайта өршіп, науқастар саны артты, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қытайда індет қайта өршіді

Вируст жұқтырғандардың күрт артқаны соншалық емдеу орындары аулаларда шатырлар тігіп, науқастарды сол жерлерде емдеуге мәжбүр. Ауруханалар маңындағы көлік тұрақтары да дала госпитальдарына айналған. 

Билік бұл пандемия басталғалы ең ірі індеттің өршуі деп отыр. Эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты арнайы әкімшілік аймақта барлық мектептер мен мәдени-спорттық және ойын-сауық орындары жабылған.