ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу шаралары «Алтай-Путинцево» және «Алтай-Богатырево» тасжолдарында жүргізілді.
«Бір аптадан кейін көктем келеді. Бұл қар көшкіні жүру қаупі ең жоғары кезең. Алайда қазірдің өзінде ауа температурасы күрт жылып, жауын-шашын жаууына байланысты облыста көшкін жүру қаупі туындаған. Соған орай «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының мамандары екі жолда профилактикалық көшкін түсіру жұмыстарын жүргізді», деп хабарлады ведомство өкілдері.