Қатты дауылдан Нидерландта төрт, Польшада төрт, Ұлыбританияда үш, Германия мен Бельгияда екі, Ирландияда бір адам көз жұмды.
Жұма күні кей жерлерде жел сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан. Көп адам дауыл салдарынан болған автомобиль апаттарында жарақат алған.
Францияның солтүстігінде адамдардың жарақат алуына байланысты 30 оқиға тіркелді. Метеорологтардың айтуынша, «Юнис» дауылы соңғы отыз жылдағы Еуропадағы ең күшті табиғи апаттардың бірі болды.
Миллиондаған үй уақытша жарықсыз қалды, көптеген аймақта пойыздар мен басқа да қоғамдық көліктер тоқтап, апат аймағындағы әуежайлар жүздеген рейсті кейінге қалдырды.
Осыған дейін «Юнис» дауылынан Амстердам маңында 3 адам қаза тапқан еді.