«Қалай айтсам екен. Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Шындығында, ескі ескерткішті қалпына келтіру мүмкін емес. Ол толығымен қиратылған», деді Қанат Бозымбаев журналист сауалына.
2016 жылы Талдықорғанда бой көтерген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдірушілер қиратып тастады. Бұл ескерткіштің авторлары – мүсінші Қазыбек Жарылғапов (2019 жылы қайтыс болған) пен Мирлан Азмағанбетов.
Қола мен граниттен дайындалған композицияның биіктігі 8,5 метрден асады. Бұл елімізде Елбасының құрметіне қойылған екінші ескерткіш болатын.