Аймақтар • 25 Ақпан, 2022

Әлеуметтік нысандар талапқа сай болуға тиіс

175 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматы аясындағы ауылдарды дамыту мәселесі өзекті. «Шетсіз қала» бағдарламасы бойынша оңтүстік астана маңын таяу жылдарда көркейту қала әкімдігі үшін назар аударатын келелі мәселе.

Әлеуметтік нысандар талапқа сай болуға тиіс

Инфрақұрылымдармен қатар, жұртшылыққа қызмет көрсететін мекемелерді талапқа сай жетілдіру уақыт күттірмейді. Алматы қала­сының әкімі Ерболат Досаев шет аудандарды аралау кезінде бір­қатар кемшілікке көз жеткізіп, таяу арада шешуге тиіс жобаларды жү­зеге асыруға тапсырма берді. Түрксіб ауданындағы жұмыс сапарын «Әлмерек» шағын ауданынан бастаған қала басшысы қазіргі кезде әлеуметтік инфрақұрылымды да­мытуға қатысты мәселелер өт­кір тұрғанын атап өтті. Мұнда өт­кен ғасырдың 80-жылдары салын­ған тұрғын үйде жұмыс істеп тұр­ған дәрігерлік амбулатория сани­тарлық нормаларға сай емес және жөн­деуге де келмейді. Ал 300 оқу­шы орынға есептелген №195 жал­пы білім беретін мектепте 741 оқушы білім алуда.

Көшпелі кеңес барысында қала әкімі күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстармен танысты. Жайлы қала­лық орта басқармасына мүд­делі мемлекеттік органдар­мен бірлесіп ағымдағы жылы меди­циналық нысанның құрылысын жобалауды бастау және басқа да әлеуметтік нысандардың: бала­бақшаның, спорт және балалар алаңдарының құрылысын одан әрі жүргізу мәселесін пысықтау, сон­дай-ақ №195 мектепке қо­сымша нысанның 450 орынды құрылысын жобалау мерзімін жеделдету және ағымдағы жылы құрылысты бастау туралы тапсырма берді.

Қазіргі кезде Түрксіб ауданында назар аудара­тын өзге де мәселелер жеткілікті. Осы орайда тұрғындарды орталықтан сапалы сумен және су бұрумен қам­тамасыз ету мақсатында би­ыл шағын ауданда инженерлік желі­лердің II кезеңінің құрылысы бас­талып, сумен – 287, су бұрумен 519 үйді қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі «Авиатор» стадионының аумағын аралап көріп, 3 гектар аумақта орналасқан спорт ны­са­нының басым бөлігі бос тұр­ғанын көрді. Осыған байланыс­ты денешынықтыру-сауық­тыру кешенін жобалау туралы шешім қабылданып, алдағы уа­қытта ондағы секцияларға «Нұр­шашқан», «Әлмерек» шағын аудан­дарының, сондай-ақ әуежай маңындағы тұрғын үй алабының балалары тегін қатысуы қажеттігі тапсырылды. Сондай-ақ стадионды жаңғыртуға назар аударылып, көрермендер трибуналары мен киім ауыстыратын бөлмелер жөнге келтіріліп, жүгіру жолы салынатын болады. Сондай-ақ қала басшысы Огарев көшесіндегі жұмыс істемейтін бұрынғы ведомстволық балабақшаның аумағын пайдалану жоспарларымен танысты. Мұнда әрқайсысы 160 орынды мемлекеттік заманауи балабақша мен балалардың даму және шығармашылық орталығының құрылысы жобалануда. Қазіргі кезде 400-ге жуық бала кезекте тұр, әзірге 280 орынды бір ғана №185 мемлекеттік балабақша жұ­мыс істеп тұр. Осыны ескере отырып, қала әкімі жобалау жұ­мыстарын ағымдағы жылдың III тоқсанының соңына дейін аяқтауды тапсырды. «Қайрат» шағын ауданында 41 көппәтерлі тұрғын үйдің, 1 500 оқушыға ар­налған жалпы білім беретін мек­тептің құрылысымен, емхана мен балабақшаны жобалау барысы да әкім назарына ілікті.

Сумен жабдықтау және кәріз мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бүгінде 200-ге жуық үй жобаға әлі кірмеген. Қала­ның Энерготиімділік және ин­фра­құ­ры­лымдық даму басқар­масына абоненттерді желілерге қосу жұ­мыстарын шұғыл аяқтауы тиіс.

Шаһар басшысы өткен ғасырдың 30-жылдары салынған мемлекеттік тілде оқытатын №59 мектеп-гимназия жұмысымен де таныс­ты. Қазіргі кезде 860 орынды мектепте 1 251 оқушы білім алуда. Ағымдағы жылдың ақпан айында мектеп-гимназияның жанынан қосалқы нысан салу жөніндегі жобалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың қортындысын алды. Қалалық жайлы орта басқармасына реконструкциядан соң спорт ала­ңын абаттандыру үшін тиісті аумақты кеңейту тапсырылды. Сон­дай-ақ қала әкімі ескі үйлерді реновациялау аясында салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Мұнда Сауранбаев, Мол­дағалиев, Чернышевский, Толстой көшелерінің шаршысында 4 үй бұзылып, 3 үй салынды, 7 үйдің құрылысы жалғасуда. Жалпы, Түр­ксіб ауданындағы 606 үй реновация бағдарламасына жатады, бұл Алматы қаласындағы ескі тұрғын үйлердің жалпы саны­ның 50 пайызын құрайды. Әкім сонымен бірге ауданды абаттандыру, Оқушылар үйінің жанында орналасқан скверді жаңарту және жаңа рекреациялық аймақтарды құру жобаларымен танысты.

 

АЛМАТЫ