Бокс • 25 Ақпан, 2022

Сабырхан бастаған сайыпқырандар финалға шығуға тырысады

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа кубогы» додасының жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді. Қазақстан намысын қорғап жатқан бірнеше аруымыз бен жігіттеріміз финалға шығуға тырысып көреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сабырхан бастаған сайыпқырандар финалға шығуға тырысады

18.00-де басталатын күндізгі сессияда шаршы алаңға арулар көтеріледі. 50 келі салмақ дәрежесінде топқа түсіп жүрген Назым Қызайбай, 54 келі салмақтағы Дина Жоламан, 60 келі салмақтағы Римма Волосенко, 66 келі салмақтағы Дариға Шакимова, 70 келі салмақтағы Валентина Хальзова, 75 келі салмақтағы Надежда Рябец, 81 келі салмақтағы Анастасия Баязитова және аса ауыр салмақтағы Ләззат Күнгейбаева күндізгі сессияда қарсыластарынан айласын асырудың амалдарын қарастырады.

22.00-де басталатын кешкі сессияда шаршы алаңға 48 келі салмақтағы Санжар Тәшкенбай, 51 келі салмақтағы Дамир Әбдіқадір мен Тимур Қабдешов, 54 келі салмақтағы Махмұд Сабырхан, 63,5 келі салмақтағы Абзал Серік, 67 келі салмақтағы Дулат Бекбауов, 86 келі салмақтағы Сағындық Тоғамбай, 92 келі салмақтағы Абзал Құттыбеков және аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай көтеріледі.