Облыста үстіміздегі жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 12 нысан пайдалануға берілмек. Жалпы, 2011-2013 жылдары облыста аталмыш бағдарламаға 12,6 миллиард теңге бөлініп, 57 ауылдық елді мекенді ауызсумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы жүргізілсе, 40 ауылдық елді мекендерде ауызсу нысандары пайдалануға берілді.
Соның нәтижесінде, бүгінгі таңда облыстың 373 ауылдық елді мекенінің 208 немесе 55,8 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілді. Аталған ауылдық елді мекендерде 452 мыңнан аса халық тұрады.
Үстіміздегі жылы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін 18 нысанның құрылысына және жоба әзірлеуге 4,2 миллиард теңге бөлінді. Оның 12 нысанын осы жылы пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.