Елімізде пойыз билетін интернет арқылы сатып алу технологиясы қолданысқа енгізілді. Бұл әлемдік тәжірибеде бар әдіс бойынша билет дистанциялық түрде ресімделеді. Қағаз түріндегі көшірмесі принтерден шығарылады. Жолаушының пойызға отыруы электрондық тіркелу арқылы жүргізіледі.
Бұл шара Астанада наурыздың 26-сында қанатқақты жоба ретінде WWW.EPAY.RAILWAYS.KZ сайтында басталды. «Бүгіннен бастап бұл нұсқа қанатқақты жоба ретінде Алматы-Астана (001/002 пойызы), Орал-Астана (057/058 пойызы), Атырау-Алматы (077/078 пойызы), Ақтөбе-Астана (087/088) пойыздарына енгізілді», деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының офисінде өткізілген баспасөз конференциясында «Ақпараттық технологиялар дирекциясы» филиалының директоры Сергей Никитенко. Оның сөзіне илансақ, интернеттік билет сатумен Қазақстанның барлық өңірі 2015 жылға дейін қамтылатын болады.
Компьютер арқылы билет сатып алған жолаушы бұрынғыдай кассаға бармастан, тікелей пойызға отырар алдында жолсерікке көрсетіп ол мобильдік терминал арқылы тіркейді. Мұнымен қатар, теміржол кассасы арқылы билет сату да жүргізіледі. Электрондық билет сату айналымға енген кезде жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың кассасына барғанда қолына билеттің көшірмесін алады. Бұл да ақы төлеу терминалы сияқты транзакция чегіне ұқсайды. Жол жүру құжатында пойыздың барлық мәліметтері көрсетіледі. Оның ішінде нөмірі, бағдары, вагонның нөмірі, орны бәрі қамтылады. Бұл ақпараттар билетті сатып алу кезінде жолсеріктің электрондық тіркеу құралында көрінеді. Пойызға отырар алдында жолаушы фискальды билетті немесе жеке куәлігін, төлқұжатын, көрсетіп өз орнына отырады.
Жаңа технология – электрондық билеттің соңғы үлгісі. Бұл өз кезегінде қағаз жол құжаттарынан бас тартып, жолаушыға барынша қолайлы жағдай туғызады. Билет сату автоматтандырылады. Жолаушылар шаруашылығында жұмыс тиімділігі жақсарады. «Электронды билет бір мезгілде салық органдарына мойындалған фискальды чек ретінде жүреді. Сондықтан да, мұндай жол жүру билеттері іссапар жөніндегі есеп беру кезінде ресми құжат ретінде танылады», деді брифингте ұлттық компанияның «Электронды билет» жобасының менеджері Ғазиз Дөненбай.
Жолаушының үйде, жұмыс орнында отырып-ақ компьютермен немесе интернеті бар ұялы телефонмен де билет алуына болады. Аталмыш жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және ұлттық компанияның «Ақпараттық технологиялар дирекциясы» бірлесіп жасаған. Бұл бағдарлама Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2013 жылғы қаңтардың 8-індегі қабылданған «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасына орай жасалып отыр. Ол маңызды бағдарлама бойынша 2017 жылы электрондық құжат айналымы 40 пайызға жеткізілсе, 2020 жылы жүз пайызға орындалуы тиіс екен.
Қазірдің өзінде Астанадағы пойыз бригадалары мобильді регистратормен жұмыс жасауға үйретіліп болған. Олардың өңірлердегі әріптестері де жаңа технологияны игеруге кірісіп жатқан көрінеді.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55