Өнер • 26 Ақпан, 2022

Алматыда қолөнер бұйымдарының көрмесі өтуде

1205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қолөнершілер палатасының ұйымдастыруымен Жібек жолы көшесінің бойында қолөнер бұйымдарының көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қолөнер бұйымдарының көрмесі өтуде

Екі күн қатарынан өтетін бұл көрменің жыл сайын Жібек жолы көшесінің бойында өтуі жайдан-жай емес. Табиғи өнімдерден асқан талғаммен жасалған көркем дүниелерді келушілер Ұлы Жібек жолының бойымен өткен сауда керуенінің заманауи формасы ретінде қабылдайды. Соңғы он жыл көлемінде дәстүрлі шараға айналған қолөнер көрмесіне алматылықтар ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен де шеберлер қатысуда.

в

Көрмеге қолөнер бұйымдарының мыңнан астам түрлері қойылған. Бүгінде шеберлер қолөнерлік кәсіпті жеке кәсіпкерлікпен ұштастырып, осы саланы дамытуға барынша үлестерін қосып келеді. Қазақстандық шеберлер жасаған бұйымдар еліміз ғана емес, Еуропа, Орталық Азия елдеріне де танымал.

а

Көрменің әлеуметтік сипаты да басым. Қазақстан Қолөнершілер палатасы осы жоба аясында әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жүн мен киізден бұйымдар дайындауға оқыту, зағип және ғаріп жандарды жүн мен былғарыдан бұйымдар өңдеуге және дайындауға, жұмыссыздарды күміс пен мельхиордан зергерлік бұйымдар жасауға үйретуді де мақсат етеді.

м

Суреттерді түсірген автор.