Кәсіпқой бокс • 01 Наурыз, 2022

Әлемдік бокс ұйымдары Ресейде жекпе-жек өткізбейтін болды

4290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокс әлеміндегі ең негізгі төрт ұйым: WBC (бүкіләлемдік бокс кеңесі) WBA (бүкіләлемдік бокс қауымдастығы), IBF (халықаралық бокс қауымдастығы), WBO (бүкіләлемдік бокс ұйымы) ендігәрі Ресейде өтетін бокс кештерін, жекпе-жектерді мойындамайды және ұйымдастырылуын құптамайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік бокс ұйымдары Ресейде жекпе-жек өткізбейтін болды

Мұндай шешімді WBO басшысы Франсиско Валькарсель, IBF президенті Дэрил Пиплз, WBC жетекшісі Маурисио Сулейман, WBA басшысы Жилберто Мендоса бірлесіп қабылдап отырғанын айта кеткен жөн. Олардың барлығы да Ресейдің Украина жеріне шабуыл жасағанына қарсылықтарын осылай білдіріп отыр.  

«Әлемдік бокстағы негізгі төрт ұйым бірлесіп, Украинада орын алған жағдайға қатысты көзқарасымызды білдіргенді жөн санадық. Күллі әлем соғыс алауының сөнгенін қалап отырғанын бәріңіз білесіздер. Біздің де ұстанымымыз дәл сондай. Сондықтан да Ресейдегі жарыстарды мойындамау туралы шешім қабылдадық. Одан бөлек Ресейдің аймағында бокс жекпе-жектерін ұйымдастыруға өз тарапымыздан рұқсат бермейміз», делінген ресми хабарламада.