Әлем • 02 Наурыз, 2022

Brent мұнайының бағасы алғаш рет 108 доллардан асты

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Brent мұнайының бағасы 2014 жылдың тамызынан бері алғаш рет 108 доллардан асты, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Brent мұнайының бағасы алғаш рет 108 доллардан асты

2022 жылдың мамыр айында Лондонның ICE биржасында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерсінің құны 3,05%-ға қымбаттап, барреліне $108,17-ға дейін өскен.

Brent мұнайының құны барреліне $108,46 деңгейінде саудаланып, 3,32%-ға дейін өсті. Соңғы рет Brent бағасы 2014 жылдың тамызында барреліне 108 доллардан асты. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 3,81%-ға артып, барреліне 107,22 долларға дейін қымбаттады.