Аймақтар • 04 Наурыз, 2022

«Өскемен-Алтай» тасжолы жабылды

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілетіндіктен «Өскемен-Алтай» тасжолы жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өскемен-Алтай» тасжолы жабылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін өңірдегі тасжолдардың бірінде профилактикалық көшкін түсіру жұмыстары жүргізіледі.

«Сағат 11.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Алтай» тасжолының 58-65 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.