Үкімет • 04 Наурыз, 2022

Әлихан Смайылов Түркияның вице-президенті Фуат Октаймен келіссөз жүргізді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октаймен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов Түркияның вице-президенті Фуат Октаймен келіссөз жүргізді

Бұл жайында Үкіметтің Telegram парақшасында ақпарат тарады. Фуат Октаймен кездесу барысында Әлихан Смайылов Түркия Қазақстанның сенімді экономикалық әрі инвестициялық әріптесі екенін атап өтті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 33%-ға артып, $4,1 млрд құрады.

Соңғы 15 жылда Түркия ел экономикасына $3,5 млрд инвестиция салды.