Қоғам • 04 Наурыз, 2022

Мемлекеттік басқару академиясына құжат тапсыру басталды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды. Жаңа оқу жылына 10 магистрлік және 3 докторлық бағдарлама әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік басқару академиясына құжат тапсыру басталды

Академияға түсуге ниетті талапкерлер құжатын онлайн форматта тапсырады. Жыл сайын мұнда мемлекеттік тапсырыс негізінде 120 магистратура және 12 докторантураға грант бөлінеді. 

Академия ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, мемлекеттік аппаратты білікті мамандармен қамтамасыз ету өзекті. Бүгінге дейін оқу орнын 3000-ға тарта түлек тәмамдаса, оның 1000-ға жуығы мемлекеттік қызметте жүр.