Әлем • 08 Наурыз, 2022

Кремль соғыстың қандай жағдайда тоқтайтынын мәлімдеді

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кремль Украина билігі ресми Мәскеудің талабын орындаған жағдайда соғыс әрекеттері лезде тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кремль соғыстың қандай жағдайда тоқтайтынын мәлімдеді

Бұл жөнінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ақпарат таратты. Ол Reuters-ке берген сұхбатында мәселенің мәнісін толық айтты. Песковтың сөзіне қарасақ, Украина конституцияға түзетулер енгізуі, бейтарап ел мәртебесін бекітуі тиіс. Сондай-ақ Қырымды Ресей аймағы ретінде танып, ДХР мен ЛХР-ді тәуелсіз ел ретінде мойындауы шарт. Мұндай шартқа Украина билігі келісе қояды дегенге сену қиын.