Медицина • 16 Наурыз, 2022

Дәрілердің қауіпсіздігін қадағалау маңызды

593 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына» 2021 жыл ішінде дәрілік препараттардың жағымсыз реакциялары туралы 4 075 карта-хабарлама келіп түсті.

Дәрілердің қауіпсіздігін қадағалау маңызды

Жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар тіркеуден кейінгі препараттар мен медициналық бұйымдар сапасын бақылауға бағытталған фармакологиялық қадағалау саласындағы халықаралық практиканың бір бөлігі саналады.

«Карта-хабарламалардың немесе «сары карталар» деп аталатын хабар­лар­­дың келіп түсуі дәрілік заттар, ме­­дици­налық бұйымдар айналымда жү­­ретін бүкіл кезең барысында пай­да және қауіптер арақатынасын бағ­а­лау­ға мүмкіндік беретін дәрілік пре­па­рат­тың қауіпсіздігін бақылау жүйе­сі ком­­поненттерінің бірі екенін түсіну ма­ңыз­ды. Яғни фармакологиялық өнім­нің мем­лекеттік тіркеуге дейін қауіп­сіз­дігі, тиімділігі мен сапасы тұр­ғы­­сынан са­рап­тамадан өтетінінен тыс, ол қол­да­­ну кезеңінде тұрақты мониторинг­теу­ден өткізіледі», деп атап көр­сет­ті Дә­рі­лік заттар мен медициналық бұ­йым­дарды сараптау ұлттық орталығы бас директорының орынбасары Баян Молдахметова.

Өткен жылы келіп түскен карталар санының едәуір бөлігі, яғни 1 773-нің телнұсқалық көшірмелер екенін немесе толық еместігін: оларда қажетті деректер, оның ішінде препаратты дозалау режімі мен өндірушінің көрсетілмегенін қоса атап өтеміз. Талдау жасалған 2 302 анықталған хабарламаның 45,7%-ға жуығы жүйелі пайдалануға ар­нал­ған ин­фекцияға қарсы препараттар үле­сі­не тиеді. Осыған ұқсас статистика 2020 жылғы қорытындылар бойынша байқалды. Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының деректері бойынша, осындай көрініс бүкіл әлемде сақталғанын нақты атап өту қажет. Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар медициналық қолдану барысында жағымсыз реакциялар туындаған препараттар арасында көш басында алдыңғы орын алады. Осы көрсеткіштерді төмен­де­ту үшін ДДҰ антибиотиктерді ұтымды пайдалану жұмысын жүргізеді.

Аймақтар бөлінісінде карта-хабарламаларды жолдауда Алматы (27,2%), Нұр-Сұлтан (12,9%) қалалары, Қарағанды облысы (8,1%), Павлодар облысы (6,7%) және Шымкент қаласы (6,4%) бел­сен­ді­лік танытты.

Дегенмен де, медициналық ұйым­дар­дың, дәрілік заттар өндіру­ші­лерінің, дистрибьюторларының жағымсыз реакциялар мониторингіне қатыстырылуы төмен күйде қалады. Осыған байланыс­ты, ДЗСҰО туындаған жағымсыз реак­циялар туралы ақпаратпен пәрменді бөлі­сіп отыруға шақырады. Карта-ха­бар­ламаларды жолдау қолайлы болу үшін, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерден тыс (WhatsApp, Telegram және т.б.), медициналық ұйымдар мен тіркеу куәліктерінің ұстаушылары үшін ДЗСҰО www.ndda.kz ресми сайтына онлайн-режімде карта-хабарламалар жолдау үшін логиндер мен құпиясөздер беріледі. Карта-хабарламаларды сапалы толтыру бойынша кеңестер, түсін­ді­ру­лер, онлайн-оқулар жүргізіледі.

Реакциялар туралы хабарламалар саны жеткілікті болса, қажет болған жағ­дай­да өте нақты және тиімді шаралар қа­былдауға мүмкіндік беретінін еске саламыз. Мысалы, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа қосымша ақпарат енгізіледі, мамандар мен пациенттерге арналған білім беру материалдары жаңартылады, әрі өнім қауіпсіздігі бо­йынша инспекциялар мен қосымша зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ меди­ци­налық өнімнің қауіпсіз пайдаланылуын арттыруға бағытталған басқа шаралар қабылданады. Бұдан бөлек, дәрілік препараттардың анықталған жағымсыз әсерлері жөніндегі жедел деректер Уппса­ла қаласындағы (Швеция) дәрілік зат­тардың жағымсыз әсерлерін мониторингтеу жөніндегі ДДҰ халықаралық бағдарламасының орталығына ай сайын жолданады.

Осы әсерлер кешенді түрде Қазақ­стан нарығын және қазақстандық пациент­тер­ді сапалы және қауіпсіз препараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сон­дықтан осы мәселеде медициналық және фар­мацевтикалық қызметкерлердің бел­сен­ділігі ерекше маңызды.