Өйткені мен осы жаңалықтардың пайдасын тексеру үшін 2014 жылы өрт машинасының құралдарын және өртті бумен өшіру тәсілін сынақтан өткіздім.
Оның қалай өткені туралы бейнефильмді және сынаққа қатынасқан кісілердің жазған актісін Facebook желісінен, Марат Аюбаев деген парақшадан, «Фильм о пожаре» деген бейнежазбадан көруге және оқуға болады.
Өрт машинасы (патент №28801) өнертабыс саласындағы Республикалық «Шапағат-2015» байқауында Жеңіс дипломымен марапатталды. Дипломға үш министр қол қойып, мөрін басқан. Ал Әділет министрі Алғысхат берген.
2019 жылы «Жанармай қоймаларында өртті болдырмайтын» жаңалықтың (патент №2272) сынағын жасадым. Бұл жаңалық жанармай қоймаларында өртті мүлдем дерлік болдырмайды. Егер бір себептерден өрт шығып жатса, ол автоматты түрде 2-3 минутта сөндіріледі. Еш адам зақымданбайды, шығын да болмайды.
Осы жаңалықтарды іске асырсақ, тоқтап тұрған зауыттарымыз жұмыс істеп, мыңдаған адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіру техникаларын басқа мемлекеттер бізден сатып алып, ел бюджетіне миллиардтаған қаржы түседі. Жаңалықтарымызды басқа мемлекеттер де пайдаланып, талай оқыс оқиғалардың алды алынады.
Осы жерде айтпағым, мен осы жаңалықтарымды 10 жылдан астам уақыт іске асыра алмай келемін. Сол аралықта менің бармаған жерім, ашпаған есігім қалмады. Солардың бірі – Төтенше жағдайлар министрлігі. Жаңалықтарым қанша пайдалы болса да ондағылар қолдаудың орнына кедергі келтіруден танған емес. Сондықтан ел мүддесі үшін ғалымдармен, мамандармен бас қосып, бір шешімге келген дұрыс болар еді. Осы хатымды редакцияға сол үшін жазып отырмын.
Марат АЮБАЕВ,
өнертапқыш
ТАРАЗ