Кәсіпқой бокс • 16 Наурыз, 2022

Дигнум жекпе-жекті қабылдамаса орта салмақты жабу керек – Жәнібек Әлімханұлы

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақ оғланы, WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағынан басты үміткер Жәнібек Әлімханұлы кезекті мәрте мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дигнум жекпе-жекті қабылдамаса орта салмақты жабу керек – Жәнібек Әлімханұлы

«Бүкіләлемдік бокс ұйымы осымен төртінші боксшыны қарсылас ретінде белгілеп отыр. Егер ол жекпе-жектен бас тартатын болса, онда орта салмақты жаба салған дұрыс», деп жазды отандасымыз твиттердегі парақшасында.

Расында да бұған дейін әлем чемпионы Деметриус Андраде, бразилиялық Эскива Фалькао, мексикалық Хайме Мунгия шайқасқа шыққысы келмеген еді. Енді ұлыбританиялық Дэнни Дигнум Жәнібектің қарсыласы атанып отыр.