Елорда • 21 Наурыз, 2022

Елордада «Көрпе Fest» фестивалі өтті

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Наурыз мейрамына орай «Көрпе Fest» фестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Көрпе Fest» фестивалі өтті

Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина қатысты.

Фестивальде сөз сөйлеген вице-премьер әйелдердің қолөнерге деген қызығушылығына жоғары баға берді.

Вице-премьер сондай-ақ Үкіметте халықтың табысын арттыру бойынша бағдарлама әзірленіп жатқанын хабарлады. Фестиваль аясында көпбалалы аналарға тігін және қолданбалы өнер бойынша тегін оқыту сабақтары өтті. Шеберлік сабақтарын ұлттық қолөнер бұйымдарын шығаратын этно-дизайнер, «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Ырза Тұрсынзада өткізді. Мастер-класс қатысушыларына қолданбалы өнердің негіздері мен құпиялары, өз бизнесін ашу тәсілдері, оны табыс табу үшін әлеуметтік желілерде жүргізу әдісі оқытылды. Фестиваль аясында атыраулық кәсіпкерлер атынан іс-шараға қатысқан жасөспірім қыздар мен аналарға 15 тігін машинасы сыйға тартылды.

Сондай-ақ, елорданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы бірқатар қатысушыларға елорда әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар табыс етті.

«Бақытты отбасы» жобасына 6 жастан 78 жасқа дейінгі нәзік жандылар қатыса алады. Өз кезегінде қатысушылар еліміздің табысты әйелдерімен бір қатарда болуға ұмтылуы тиіс», деп атап өтті фестиваль ұйымдастырушылары.