Оқиға • 30 Наурыз, 2022

ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі арнасының жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды

ҰҚК мәліметінше, 2022 жылғы 18 наурызда ҰҚК-ның Шымкенттегі департаменті қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партиясын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен С. деген азаматты ұстаған.

«Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 келіден аса жоғары сапалы ауған гашиші алынды. Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 50 миллион теңгеден асады», делінген хабарламада.

Соталды тергеу материалы ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелген.