Қорытынды нәтижеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны әлемнің 192 елі арасында екінші орынға ие болды және «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша да күміс жүлде иегері атанды.
Бұдан бөлек, Қазақстан павильоны халықаралық Exhibitor Magazine журналының нұсқасы бойынша Best Presentation номинациясында бірінші орынды және Best Large Pavilion номинациясында үшінші орынды жеңіп алды. Жалпы, көрме ашылғалы павильонды 1 млн 617 мың адам тамашалаған.