Аймақтар • 31 Наурыз, 2022

Қаңтар оқиғасына қатысы бар күдікті ұсталды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасіретті қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен бір азамат қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Қаңтар оқиғасына қатысы бар күдікті ұсталды

Алматыдағы полиция ғимаратына шабуылдады деген күдікпен қолға түскен азамат Жамбыл облысының 24 жастағы тумасы. Ол қазір Алматыда тұрады. Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиевтің айтуынша, бесінші қаңтарда айыпталушы өзге жақтастарымен бірге қару-жарақ дүкенін тонап, кейін әуежайға шабуыл жасаған. Сол күні қылмыстық әрекетін полиция ғимаратында жалғастырған. Бұдан соң қаруын белгісіз азаматқа 40 мың теңгеге сатып жіберген. Қазір күдіктіге қарсы тергеу жүріп жатыр.