Аймақтар • 31 Наурыз, 2022

Алматыда жеті нысанға бомба қойылған болуы мүмкін

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қаласында бірнеше нысанға бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жеті нысанға бомба қойылған болуы мүмкін

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлімдеді. Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің таратқан деректерге сенсек, мамандар нысандарда тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жұмылдырылған.

«Таңертең жеті нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы ақпарат тарады. Нысандардың үшеуінде тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ақпарат жалған болып шықты. Мамандар басқа нысандарды да тексеруде. Тексеру арнайы құралды қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Алгоритмге сәйкес нысандарға келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланады. Азаматтардан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», деді Салтанат Әзірбек.