Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыс қалай бөлінетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін Талдықорғанда Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясы өтті. Облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жоргенбаевтың төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібіне төрт мәселе қаралған. Оның ішінде бүгінде өзекті болып отырған мәселе - Жетісу облысын құру арқылы Алматы облысын бөлу. Осы мәселе бойынша облыс әкімі Қанат Бозымбаев депутаттар алдында сөз сөйледі.
«Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы және Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болып бөлінуі екі өңір дамуына серпін береді. Құрылайын деп жатқан Жетісу облысының аймағына 8 аудан, 2 қала мен 352 ауылдық округ кіреді, ал Алматы облысының құрамына 9 аудан, 1 қала мен 380 елді мекен қарайды. Біз Президенттің әкімшілік-аумақтық құрылым туралы жарлығын қабылдау жөніндегі іс-қимыл алгоритмін дайындадық», деді облыс әкімі.
Бозымбаевтың сөзінше, облысты бөлу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды, оған облыстық басқармалар мен аумақтық органдардың тиісті басшылары кірді.
Еске салайық, 16 наурызда Қазақстан халқына жолдауында Алматы облысын екіге бөлуді ұсынған болатын.
«Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Облыс тұрғындары негізінен қала төңірегіне шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені сонау Талдықорғанда отырып шешу оңай емес. Облыс орталығына бару үшін халықтың алысқа сабылуына тура келеді. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын.
Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. Бұл қадамдар аймақтарды дамыту ісіне тың серпін береді деп санаймын», деген еді Президент.
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар