Футбол • 01 Сәуір, 2022

«Ньюкасл» басшыларының Коутиньоға көзі түсті

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританиялық «Астон Виллаға» жалға берілген испаниялық «Барселона» футбол клубының жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо кәсіби мансабын «Ньюкасл» футбол клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ньюкасл» басшыларының Коутиньоға көзі түсті

Sport.es. келтірген деректерге сенсек, «Ньюкасл» футбол клубының басшылары Коутиньоны команда сапына қосудың жолдарын қарастырып жатыр. Футболшының «Барселонамен» келісімшарты 2023 жылы бітеді. Егер Коутиньо кәсіби мансабын «Ньюкасл» футбол клубында жалғастыру туралы шешім қабылдаса, ол клубтан сыйақы ретінде бір миллион еуро алады. Алайда «Астон Вилла» басшылары мамыр айында Коутиньоны қырық миллион еуроға сатып алуға ниеттеніп отыр.