Қоғам • 03 Сәуір, 2022

Елордада көпірден секіруге тырысқан ер адам құтқарылды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада көпірден секіруге тырысқан ер адам құтқарылды

29 жастағы ер адам Қабанбай батыр даңғылындағы көпірден секірмек болған. Бұл туралы хабар сағат 07:22-де түсті.

Полиция оқиға орнына жеткен кезде ер адам қоршаудың артында болды. Полиция онымен сөйлесуге тырысты, бірақ ер адам байланысқа шықпай, өзіне ешкімді жібермеді.

Бір сәтте аға лейтенант Қайрат Құснеденов ер адамды шығарып алды.

«Ер адамның қашып кетуіне қарамастан, біз оны қуып жеттік те мән-жайды анықтау үшін «Есіл» ауданының полиция басқармасына жеткіздік», деді Қайрат Құснеденов.

Соңғы жаңалықтар