Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин алдағы сенбі күні Жапонияда жергілікті боксшы Рета Муратамен шаршы алаңға шығады. Отандасымыз маңызды жекпе-жек алдында америкалық бокс маманы Тедди Атластың The Fight with Teddy Atlas жобасына сұхбат беріп, өзінің қазіргі мотивациясы, кәсіпқой бокстың шыңына шығудағы қиындықтары, сондай-ақ мексикалық Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) өтуі мүмкін болған үшінші жекпе-жек туралы әңгімелейді. Назарларыңызға сұхбаттың жазбаша нұсқасын ұсынамыз.

– Геннадий, сіз кез келген боксшы шықсам деп армандайтын барлық белесті бағындырдыңыз. Олимпиаданың күміс жүлдегері, орта салмақтағы әлем чемпионы атанып қана қомай, сол атағыңызды қатарынан 20 рет сәтті қорғадыңыз. Сіз спортта кейінгі 10 жылдағы ең ірі есімдердің бірі болдыңыз. Қазір жасыңыз 40-қа таяп қалды (8 сәуірде 40-қа толады). Осы күнге дейін рингте жүруіңізге сізді не нәрсе жігерлендіріп келді?
– Өте жақсы сұрақ. Қазір мені бір нәрсе жігерлендіреді деп айту қиын. Бокс – мен үшін тек мотивация ғана емес, өмірімнің бір бөлшегі. Қазір мен өзімді өте жақсы сезінемін. Қазіргі өмір салтым бойынша мен әлі де шаршы алаңда еркін жұдырықтаса аламын. Демек, бүгінге дейін шаршы алаңда жүрсем, онда мені бокстан ысыратындай оқиға немесе адам болмағаны ғой. Спортшы ретінде де, қарапайым азамат ретінде де мен өз міндетімді атқарып жүргеніме қуаныштымын.
– Айтпақшы, келе жатқан туған күніңізбен. Геннадий Головкин 40 жасында «төбелесемін» деп ойлады ма екен?
– Рахмет. Шынымды айтсам, 40 жасыма дейін рингте жүремін деп ойлаған жоқпын. Осы күнге дейін кәсіби боксшы болып қаламын деген де ой болған жоқ. 40 жасымда да өзімді 39 жастағыдай сезінетін шығармын. Яғни өзіме әлі де көңілім толады, денім сау. 40 жасымда да өзімді өте тамаша сезінгім келеді.
– Ең кейінгі рет шаршы алаңға бір жарым жыл бұрын шықтыңыз. Ұзақ уақыттан кейін рингке қайта көтерілу қиын екені белгілі. Әрдайым өз бабыңда болғың келгенімен, жиі жұдырықтаспағандықтан, тағы ұзақ уақыт жаттыққың да келмейді. Алдағы айқасқа дайындық қалай өтіп жатыр, өзіңізді қалай сезінесіз және біз, яғни жанкүйерлер сізден Токиода не күте аламыз?
– Тедди, дәл осы жерде мен сізді мақтағым келіп тұр. Өйткені сұрақ өте кәсіби дәрежеде қойылып тұр және бокста үлкен тәжірибеңіз бар екені бірден байқалады. Шынында солай. Мұндай кезде дайындық ұзақ болады. Бір жарым жылдың ішінде екі-үш рет жұдырықтасуға болар еді. Бірақ белгілі себептермен жекпе-жектер кейінге ысырыла берді. Екі рет толық жаттығу жиынын өткіздім. Ал қазір алға қарай ұмтылысты, жігерді сақтап, тағы да өз бабыма енуім керек. Бұл – қазір менің алдымда тұрған ең бірінші міндет.
– Кәсіпқой бокста айтарлықтай ірі жетістіктеріңіз, тамаша бокс жолыңыз бар. Уақыты келгенде, «Канелоға» қарсы тағы бір жекпе-жексіз бокстан кете аласыз ба? Көп жетістікке жеткеніңізге қарамастан, карьераңызды аяқтамас бұрын оған қарсы өзіңіз қанағаттана алатындай жекпе-жек болуы маңызды ма? Сіз үшін «Канеломен» тағы бір жекпе-жек өткізудің қажеті бар ма?
– Қазір мен бұл сұраққа қалай жауап берсем де, адамдар жауабымнан бәрібір бір ілік табады. Менің еңбегіме келер болсақ, оны мойындамауға тырысатын, яғни өз-өздерін алдайтын адамдар қашанда табылады. Ал «Канело» туралы сұрағыңызға жауап берер болсам, ертеңгі күніміз қалай боларын ешкім білмейді. Егер үшінші жекпе-жек болса, бәрімізге жақсы болар еді, ал болмаса бәрі бұрынғыша өз ағысымен жүре береді. Мен шындыққа тура қарайтын адаммын.
– Жекпе-жектің тартысты болуы боксшының стиліне байланысты екені белгілі. Алда Муратадан не күтесіз? Қандай жекпе-жек көреміз?
– Муратаның қабілетін бағаламауға әсте болмайды. Оның үстіне жекпе-жек кеші Жапонияда өтеді. Тәжірибеміз көрсеткендей, Жапонияда біз күтпеген, тосын жағдайлар болуы мүмкін. Ол біздің жекпе-жекті одан да қызықты етеді. Менің ойымша, шынында жекпе-жекті жасайтын – бокс мәнері. Бізде болжау қиынға соғатын өте ашық әрі қызықты екі түрлі стиль бар. Біз көрермендерге, жанкүйерлерге тамаша бокс кешін, бокс мерекесін сыйлаймыз деп үміттенемін. Жалпы, бокс әлемі үшін бұл биылғы ең үздік жекпе-жектердің бірі болады.
– Жеке өз басым, мен сізді әлі де жеңілмеген боксшы деп есептеймін. Мұны біздің шоуға қатысып жатқандықтан айтып жатқан жоқпын. Мен бұл ойымды ESPN телеарнасында да айтқанмын. «Канеломен» өткен екі жекпе-жекте де сіз жеңдіңіз деп есептедім. Меніңше, сіз бірінші айқаста оны қуып жүріп сабадыңыз, былайша айтқанда, Головкин болдыңыз. Ал екіншісінде басқаша жұдырықтасып, джебпен «таяқ жегіздіңіз». Қазір осы екі айқас туралы не ойлайсыз? Маған және көрермендерге осы жекпе-жекке көзқарасыңызды түсіндіріп берсеңіз. Сіздің артқа қайырылмайтыныңызды білеміз. Бірақ неге төрешілер сіздің ұпайыңызды ұрлады? Ашығын айтқанда, олар бірінші айқаста да, екінші жекпе-жекте де сізді тонады. Оның (Альварес) бизнесте ақша генераторы екенін білгенде қандай сезімде боласыз? Осы сұраққа өзіңізге қолайлы түрде жауап берсеңіз.
– Ол жекпе-жектер туралы айту менің жанымды жараламайды. Мұны үнемі айтып та жүрмін. Шынтуайтында, шындық ешкімге керек емес екенін білемін. Бірақ шындықты айтып, өз ұстанымында қалатын адамдарды құрметтеймін. Бұл адамның жақсы қасиеті деп ойлаймын. Кім не десе, о десін, осы екі жекпе-жекте де мен жеңіске жеттім. Адамдарда көп жағдайда екіжүзділік басым болады. Оның қандай екенін айтайын ба? Яғни біз тұрған бизнестің (бокстың) ережесінде осындай жағдайлар кездесетін болса, онда ол жұмыс істейді деген сөз. Тек соны түсіну керек. Бұл жерде оны жаман не жақсы деп айтудың өзі артық. Тек ол бизнес ережелерінің бірі екенін түсіну қажет.
– Сізді ұзақ уақыт бойы Абель Санчес жаттықтырды. Қазір Джонатон Бэнкстің қол астында жаттығасыз. Айырмашылық қандай?
– Қазір менің айналамда өте білікті мамандар шоғырланған. Спорттың кез келген түрінде жетілу керек, даму керек. Барлық жағынан. Менің керемет диетологым бар. Ол менің жағдайым нашарлауы үшін емес, жақсаруы үшін қажет. Сенің жаныңда мықты мамандар, команда болса, олар сені күштірек етеді. Саған көмектеседі. Қазіргі уақытта сол мамандардың бәрі менімен жұмыс істейтіндей мүмкіндігім бар.
Сұраққа келер болсақ: «Джонатон Бэнкстің Абель Санчестен айырмашылығы қандай?». Мені дұрыс түсініңіздер, мен қазір бұл жерде біреуді жамандап, екіншісін мақтағым келмейді. Абель туралы да, Бэнкс туралы да жақсы пікірдемін. Олар – дүниетанымы бір-біріне ұқсамайтын мүлдем кереғар адамдар. Абельге маған жасаған жақсылықтары, берген тәжірибесі үшін алғысымды білдіремін. Мен оны бағалаймын. Қазіргі уақытта мен Джонатон Бэнкспен жұмыс істеп жатырмын. Оған да алғысым шексіз, оны да жаттықтырушым ретінде, жетекшім (ұстазым) ретінде құрметтеймін. Бұл – өмірдің бір кезеңі. Бұрын болғанның бәрін ұмытып, жаңа нәрсе үйреніп жатырмын деу дұрыс емес. Бұл – тек білгенімді жетілдіру. Одан тек жақсара, дами түсемін деп ойлаймын.
Дайындаған
Әли БИТӨРЕ,
«Egemen Qazaqstan»
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар